Шахтадағы апат: кеншілердің бірі қаза болды, қалғандары ауруханада ем алуда

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

14.01.2021, 16:52

1080

Кеше түнде кеніштегі дүмпудің салдарынан жоғалған кеншінің тағдыры әлі беймәлім. Апаттан соң,  жүргізіліп жатқан  іздеу шарасы әзірге нәтиже бермей отыр. Төтенше жағдай орын алған кезде, кен астында үшінші ауысымның барлығы 137 кеншісі болған.

— «Авариялық –құтқару қызметі жедел арада кеніштің астына түсті.  Түнгі сағат 23.00 –де тау-кен қазбаларындағы газдың мөлшері қалыпқа келді. Зардап шеккен жерасты майталманын іздестіру үшін арнайы комиссия құрылды»- дейді, ҚР ТЖМ  «Өнеркәсіптік  қауіпсіздік комитетінің» Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Кеңгірбай Есенеев.

Жоғалған кеншіден басқа жұмысшылардың барлығы қыр астына шығарылған. Дүмпу кезінде  тау-кен шебері мен машинистің көмекшісі оқиға орынан дереу алыстап кеткен. Өкінішке қарай, машинист ұңғыма түбінде қалып қойған. Бізге мәлім болғандай, ұшты-күйлі ғайып болған кеншінің жасы 37-де, екі баланың әкесі.  Бұдан өзге, апат кезінде денсаулығы нашарлаған  екі кенші  стационарда ем алып жатыр.

— Зардап шеккен екі кенші  түнде бізге түскенде ес-тұсын білгенмен,  жағдайлары орташадан төмен халде болды. Олардың ағзасы шахта газынан қатты уланып қалған. Клиниканың барлық сала дәрігерлері  алдымен екеуінің  денсаулығын жіті тексеріп шықты.  Қазіргі кезде   жағыдайлары    тұрақталды. Ағзадағы таксиннің мөлшері азайып, тыныс алу жүйелері қалыпқа келді. Науқастармен  психолог-мамандар қосымша жұмыс істеуде. Кеншілер психологиялық тұрғыдан өздерін  жайлы  сезінетіндігін айтты. Дүйсенбі күні пациенттерді қайта тексеруден өткіземіз. Егер жағдайлары жақсарса, үйлеріне қайтарамыз»-деп мәлімдеді, бүгін журналистерге облыстық Х. Мақажанов атындағы көпсалалы клиникалық орталықтың жетекшісі Боранқұл Махин.

Осыдан бірер сағат бұрын «Ленин»  шахтасынан қаралы хабар келді. Тыңғылықты іздестіру жұмысы нәтижесінде жоғалған кенші Николай Шадировтың мәйіті табылды. «Арсиллор Миттал-Теміртау»  компаниясы марқұмның отбасына қажетті көмек көрсетілетінін жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, қаңтардың 13 күні, сағат түнгі он шамасында  «АрселорМитта-Теміртау» АҚ қарасты, Ленин атындағы шахтада газ жарылысы орын алды. Оқыс оқиға ұңғыманы бұрғылау кезінде газ бен көмір қосындысының зор дүмпуі салдарынан болған.  Айтпақшы, дәл осы кен орынында осыдан он бес жыл бұрын жойқын апат болып, салдарынан 41 кенші қаза тапты.

Тегтер: шахта апат төтенше жағдай қауіпсіздік

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Мариям МАҚСАТ 08:50
Әупірімдеп жүріп соңғы сатыдан көтерілді
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ 22.04.2021, 13:43
Семейліктер ескі мен жаңаның ортасында жүр
Миуа БАЙНАЗАРОВА 22.04.2021, 13:34
Мақсатымыз – білімді, білікті ұрпақ тәрбиелеу
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 21.04.2021, 16:37
Балқаштағы ұшақ апатының салдары мәлім болды
Сатан НҮСІПҚОЖАЕВ 21.04.2021, 12:21
«Жер сатылмайды» дейді...
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 21.04.2021, 12:17
Жайықтың өзі қымбат па, жағалауы қымбат па?

Аңдатпа


  • Жасымнан жол сілтеген шамшырағым
    09:03
  • Қонаевтың іс-әрекеттерін қалай бағалауымыз керек?
    21.04.2021, 09:13
  • Бердіқұлов тағылымы
    21.04.2021, 09:03
  • Жыры бітпеген электронды жүйе
    20.04.2021, 10:10
  • Артық мұнай қоры бітуге жақын - БАҚ
    19.04.2021, 10:25