Шыменттік оқушылар үздіктер сапында

Сайт әкімшілігі

22.10.2020, 08:44

275

Қазан айының 7-14 күндері аралығында Нұр-Сұлтан қаласында «Шеберлер қаласы: ата-бабаларымыздың мұрасын сақтаймыз және дамытамыз» өлкетану сәндік қолданбалы шығармашылығының республикалық көрмесі қашықтықтан өткен болатын. Аталған байқауда шымкенттік оқушылардың еңбектері де үздіктердің қатарынан көрінді.

Көрмеге Шымкент қаласынан 6 номинация бойынша мектеп оқушылары мен қосымша білім беру ұйымдарының шәкірттері қатысты. Атап айтқанда, шәкірттер «Жарамсыз материалдардан жасалған бұйым», «Табиғи материалдардан жасалған бұйым», «Тұрмысқа арналған креативті бұйымдар», «Ұлттық колориті бар интерьердің ерекше дизайн-жобасы», «Матадан жасалған бұйымдар» және «Өңірдің көркемдік және халықтық қолөнері» номинациялар бойынша сынға түсті.

Бір аптаға созылған қорытынды кезең бойынша Шымкент қаласының «Жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру орталығының» білім алушысы Нұрсұлтан Әбітхан («Табиғи материалдардан жасалған бұйым» номинациясы) ІІІ-дәрежелі диплом мен бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, қалған қатысушылар мен топ жетекшілері сертификаттар мен алғыс хаттарға ие болды.

Шымкент қаласы білім басқармасы балалардың сәндік-қолданбалы шығармашылығын дамытуға жан-жақты ықпал ету, экологиялық білім мен тәрбие беру, көркемдік және сәндік-қолданбалы шығармашылық саласын дамытуға баса назар аударып келеді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Гүлжан СЕРІКҚЫЗЫ 30.07.2021, 17:53
Ішкі туризмнің халі қалай?
Сайт әкімшілігі 30.07.2021, 17:51
Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі: мемлекетке сену құқығы
Сайт әкімшілігі 30.07.2021, 17:49
Жаңа кодекс қазақстандықтарды қалай қорғайды?
Нұр САЙЛАУОВА 30.07.2021, 17:42
Қазақстанның жаһандық бастамаларына оң баға берілуде
Б.СӘРСЕНБИ 30.07.2021, 17:38
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл»
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 30.07.2021, 15:21
«Жусан» операциясы: тағдыр тәлкегінен құтқарғандар

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15