«SHYMKENT» 700 мың шаршы метр тұрғын үй салады

Сайт әкімшілігі

27.08.2020, 14:10

228

Шымкентке республикалық маңызы бар қала мәртебесі берілген кезден бастап, қалада тұрғын үйге деген сұраныс артқан. Осыны ескерген «Shymkent» ӘКК» АҚ-ы 2024 жылға дейін шамамен жалпы алаңы 700 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үй салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте «Shymkent»  ӘКК» АҚ-ының төрағасы Б.Канкин мәлім етті.

Оның айтуынша, бүгінде әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы 26 тұрғын үй құрылысы бойынша 6 келісім-шарт жасаған. Оның ішіндегі 21 үй жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі екен.

 «Тұрғын үйлердің құрылысы «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасы бойынша, «Қазақстандық орнықтылық қоры» АҚ-ның кредиттік қаражаты есебінен және ӘКК-ның өз қаражаты есебінен жүргізіледі. Корпорация пәтерлерді сату жолымен шамамен 12.8 млрд теңгеге қол жеткізеді, оның 11.8 млрд теңгесін қолданыстағы кредит бойынша «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ қайтаруы қажет»,-деді Б.Канкин.

Айта кетейік, биылғы жылы әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының тапсырысы негізінде «7-20-25» бағдарламасы аясында салынған 24 үй пайдалануға берілді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 04.08.2021, 16:32
Алматы облысында демалыс күндері локдаун жарияланады
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 04.08.2021, 12:03
Қараусыз қалған аулалар, қоқыс басқан Қарағанды
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 04.08.2021, 08:58
Ермекбаев айтқан «диверсия» дәлелденді ме?
Заңғар КЕРІМ,арнайы «Жас Алаш» үшін Токиодан 03.08.2021, 14:32
Грек-рим шеберлері сенімді ақтамады
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 03.08.2021, 12:12
Басты мақсат – сот жүйесіне халықтың сенімін арттыру
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 13:15
Дәрігерлер тұрғындарға үндеу жасады

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58