12.09.2020, 16:19
343
Шымкент қаласында қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлеу жұмыстары аясында экологиялық мониторинг жүргізілуде. Алдағы уақытта халықты атмосфералық ауаның жай-күйінен хабардар етіп отыратын 2 дана LED-экран орнатылады. Бұл туралы брифингте Шымкент қалалық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Ахмет Татыбаев айтты. Басқарма басшысы брифингте А.Асқаров атындағы Дендробақтың бүгінгі жай-күйіне тоқталды.
– Бүгінде саябаққа келушілердің саны көбейді. Таңертеңгі жаттығулар мен бой сергіту кезінде 200-ге жуық адам келеді– деді А.Татыбаев.
Баспасөз мәжілісінде сөз алған А.Асқаров атындағы Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағының директоры Бейбіт Мошқаловтың айтуынша, саябаққа 2018 жылы 132 556, ал 2019 жылы 450 мың демалушы келген.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР