Шымкентте ауыз су проблемасы 2023 жылы толық шешіледі

Сайт әкімшілігі

01.10.2021, 17:28

587

Қазақстандағы үшінші мегаполис атанған Шымкентте инфрақұрылым мәселесі шешімін тауып келеді. Қала әкімдігі биыл осы бағытта бірнеше ауқымды жобаларды жүзеге асыруда.

Мегаполисте әлі күнге дейін суды тасымалдап ішетін елді мекендер бар. Қала аумағындағы 81 елді мекеннің 69-ы суды орталықтандырылған құбырдан ішеді. 5 елді мекенде су кестемен берілсе, 7 елді мекеннің тұрғындары ауыз суды тасымалдап ішеді.

Шымкенттіктерге ауыз су 5 су көзінен беріледі. Мамандар су қоры қажеттіліктен 3,5 есе көп екендігін айтып отыр. Биыл «Көмешбұлақ» магистралі іске қосылады. Нәтижесінде су жүйелері болмаған елді мекендердегі 60 мың тұрғынға ауыз су жеткізіледі. Жалпы, 250 мың халық тұтынатын ауыз су жүйелерінің сапасы артады.

Шымкент қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жыл соңына дейін 3 магистралді, 11 ішкі орамдық су жүйелерінің құрылыстары аяқталады. Бұл су тасымалына тәуелді және ауыз суы кестемен берілетін 9 елді мекендегі проблеманы шешеді.  

2022-23 жылдар аралығында тағы 3 магистраль мен 3 ірі елді мекенге су жүйелері жүргізіледі. Нәтижесінде Шымкент қаласы бойынша ауыз су мәселесі 2023 жылы толықтай шешіледі деген жоспар бар.

 Шымкенттегі өте өзекті деген мәселенің бірі-жол сапасы. Соңғы жылдары жол салу, жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қалалық әкімдіктегілер жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесін 2025 жылға дейін 80 пайызға жеткізу жоспарланғанын айтып отыр.

-Биыл 311 шақырымнан астам жол құрылысы жүргізілді. Жыл соңына дейін оның 270  шақырымын пайдалануға беру көзделген. Нәтижесінде қаладағы  қанағаттанарлық жағдайдағы жолдар үлесі 63,6 пайызға жетеді.  Жалпы қалада жол және көлік инфрақұрылымы бойынша жұмыстар қарқынды түрде жүргізілуде. Атап айтқанда мегаполистегі 245 көшеде орташа және күрделі жөндеу жүргізіліп жатса, былтырғы жылы 4 көпір пайдалануға берілді. Сонымен бірге осы жылы Рысқұлов-Қонаев жолайрығы пайдалануға беріледі. Жаңа 590 қоғамдық көлік сатып алынды және электрондық билет жүйесі барлық автобустарға енгізілді,-делінген қалалық әкімдіктің таратқан мәліметінде.

       Бүгінде қаладағы  көлік жолдарының жалпы ұзындығы 3200 шақырымнан асады. Қазір жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 60 пайыз шамасында. Бұл көрсеткіш 2018 жылы 53 пайыз болатын. Үш жыл ішінде жол саласында 532 жобаның құрылыс-жөндеу жұмыстары атқарылды.

Кейінгі жылдары қалада көлік кептелісін азайту мақсатында көше қиылыстарына оң жақ өткел салу жұмыстары жүргізілуде. Қалада оң жақ өткелдердің жалпы қажеттілігі – 45 орын болса, 2021 жылдың жоспары бойынша 8 көшедегі 10 орынға жерге оң жақ өткел салынуда.

-Биыл 11 орынға оң жақ өткел салу жоспарланған болатын. Жобаға өзгеріс енгізіліп, салынатын өткел саны 10 болып бекітілді. Атап айтқанда, Сыпырған ата – Әль-Фараби, Сыпырған ата –Темірлан тас жолының қиылысы, Рысқұлов–Адырбеков, Арғынбеков–Өтегенов, Рысқұлов–Шаяхметов, Рысқұлов –Қазиев, Шаяхметов–Арғынбеков және Арғынбеков–Байтереков көшелерінің қиылысында құрылысты 3 мердігер мекеме жұмыс жүргізіп отыр,-делінген әкімдіктің таратқан мәліметінде.   

Оң жақ өткелдер салу жұмыстары сәуір айында басталған. Құрылыстың аяқталуы қазан айының соңына жоспарланып отыр.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 12:14
Орал тұрғындары үйді бұзуға қарсы наразылыққа шықты
Сайт әкімшілігі 15.10.2021, 17:20
Жаңа заң жобасы қабылданды
М.СӘУЛЕБЕК 15.10.2021, 12:19
Үлкен жолайрық – үлкен қалаларға тән құбылыс
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 15.10.2021, 08:25
«Мұнайдың үстінде отырып мұнайға жарымаймыз»
Еңлік АРЫҚБАЙ 15.10.2021, 08:23
Мектеп құлап жатыр: рас па?
Сайт әкімшілігі 14.10.2021, 12:01
«Атамекен-Түркістан» микро қаржы ұйымы алғашқы жобаны қаржыландырды

Аңдатпа


  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29