Шымкентте эпидахуал тұрақталды

М.СӘУЛЕБЕК

26.08.2021, 11:18

599

Шымкентте коронавирус індетіне қатысты эпидемиологиялық ахуал тұрақтала бастады.  Осы аптаның сейсенбісіндегі мәлімет бойынша мегаполисте  бір тәулікте тіркелген науқастар саны 147 адамды құрады. Бұған дейін қаладағы тәуліктік норма 450-500-дің шамасында болатын.

Яғни соңғы тәуліктерде жағдайдың жақсара бастағаны байқалады. Қалалық әкімдіктің таратқан мәліметіне қарағанда, қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 3780 орын бар, төсек-орын толымдылығы 55 пайызды құрайды, 1670 төсек-орын бос. Инфекциялық стационарда 2110 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде 559 төсек-орын бар, 346 науқас ем қабылдауда.

Мегаполисте  бір тәулікте 4674 адам вакцина алды. Егу науқаны басталғалы барлығы 413 654 адам екпе алды. Оның ішінде 343 920 адам вакцинаның екі компонентін алған. Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін 40 мобильдік топ жұмыс атқаруда. 23 тамыз күні 449 нысанға тексеру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 13 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғаны анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.

– Шымкент қаласында 17 тамыздан бастап белсенділігі жойылған немесе инактивирленген COVID-19-ға қарсы Vero Cell вакцинасын қолдану басталды. Бұл – елімізде және біздің қалада  КВИ-ға қарсы қолданылып отырған бесінші вакцина. Үшінші мегаполиске аталған  вакцинаның 80 мың дозасы жеткізілді. Оның 40 мың дозасы 1-компонентке, қалған 40 мың дозасы 2-компонентке арналған. Бүгінде аталған вакцинаның 40 мың дозасы барлық егу пунктіне таратылды. Бұл екпе 18 жастан асқан ересектерге арналған. Онда антибиотиктер мен консерванттар жоқ, – деді арнайы өткізілген брифингте Шымкент қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әбдіманап Төлебаев.

Басшының айтуынша, егер вакциналаудан кейін жүйке жүйесі тарапынан жағымсыз реакциялар пайда болса, осы өнімді қайта пайдалануға тыйым салынады.

– Шымкенттегі эпидемиологиялық жағдай күрделі. Сол себепті барша тұрғындарды екпе алуға шақырамын. Өз денсаулықтарыңызға жауапкершілікпен қараңыздар. Дәрігерлер робот емес. Осы індетпен күресу үшін күндіз-түні жұмыс істеп жатыр. Сіздер де көмектесіңіздер. Екпе алып, өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар. Екпе алушылар үшін сенбі-жексенбі күндері барлық емханада вакцинация бекеттері сағат 08:00-20:00 аралығында жұмыс істейді, – деді брифингте Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов.

Брифингте белгілі болғандай, қала бойынша «Ashyq» жобасына 4603 нысан енген. Бұл жобаға қатысушы нысандарда QR-коды арқылы «қызыл» және «сары» статуспен анықталған жеке тұлғалар бойынша 1033 хабарлама түскен.

– «Қызыл» және «сары» статуспен анықталған азаматтарға 14 күндік үй карантинін сақтаулары қажеттігі туралы хабарлама берілді. Ал «сары» статуспен анықталған адамдарға эпидемияға қарсы шараларды орындау жөнінде 317 қаулы шығарылды. Басқа облыстардан келіп, анықталған жеке тұлғалар  бойынша санитарлық-профилактикалық іс-шаралар атқару үшін аумақтық департаменттерге хаттар жолданды. Карантин режимін сақтамай, «қызыл» мәртебесімен анықталған 137 жеке тұлғаға айыппұл салынды, – деді департамент басшысы.

Айта кетейік, қалада вакциналауды ұйымдастыру мақсатында 43 егу бекеті қызмет етуде. Одан бөлек, 25 жылжымалы егу бекеті жұмыс істеп тұр.

Сондай-ақ Шымкент қаласында індетке қатысты жағдай күрделенгелі бері халық көп шоғырланатын базарлар мен қоғамдық көліктерге тексеру жұмыстары күнделікті жүргізілуде. Бетпердесіз жүрген тұрғындар тек өзіне емес, өзгенің денсаулығына да қауіп төндіреді. Осы себепті қоғамдық көлік пен базарларда бетперде тағу міндеттелген.

Тегтер: медицина коронавирус ПТР тест анықтама

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13:23
Түркістандағы қайғылы оқиға бойынша сот үкімі шықты
Арайлым Еркебаева 26.01.2022, 09:25
Зейнеткерлердің зейнетақысы бес жыл бойы ұрланып келген
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 20.01.2022, 12:00
Жәйремдіктердің жанайқайы:«Мемлекеттік бағдарламамен берілген үйдің сиқы осы»
Мариям МАҚСАТ 20.01.2022, 08:53
Кім кімді алдады?
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 19.01.2022, 17:45
Қарағанды өңіріндегі дүрбелең қалай өрбіді?
Қайрат Балабиев 19.01.2022, 16:57
Атамекенді аялау – азаматтық парызымыз

Аңдатпа


  • Байлар 30 жыл «жиып-тергенін» «Қазақстан халқына» қия ма?!
    20.01.2022, 08:50
  • Біреуге бас қайғы, біреуге «мал» қайғы
    20.01.2022, 08:49
  • Алматыны «терроризм астанасы» етпек болды
    20.01.2022, 08:48
  • Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
    19.01.2022, 00:00
  • «Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
    19.01.2022, 08:48