Шымкентте медициналық құрал-жабдықтар шығарылады

Сайт әкімшілігі

08.11.2020, 07:50

544

Шымкенттегі «Қазмедрприбор» кәсіпорнында  шығарылған өкпені жасанды желдету аппараттары медициналық мекемелерге жеткізіледі. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

2013 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Казмедприбор» ЖШС 15 мыңнан астам медициналық құрал-жабдық, 120 мыңнан астам медициналық жиһаз бен 742 жедел жәрдем көлігін жасап шығарды.

Жалпы, кәсіпорын 2005 жылы құрылған.

Өндірістік қуаттылығы: медициналық құрал-жабдық – жылына 50 мың дана; медициналық жиһаз – жылына 150 мың дана; медициналық көлік – жылына 1000 дана. Сонымен қатар өнімнің жаңа түрлері – өкпені жасанды жолмен тыныстандыратын турбиналық аппарат, жаңа туған нәрестелерге арналған инкубатор, жаңа туған нәрестелерге арналған өкпені жасанды жолмен тыныстандыратын аппараттар шығарады.

Қазіргі уақытта өңірдің медициналық жабдықтарға деген қажеттілігін жабу үшін кәсіпорын 126 өкпені жасанды желдету аппаратын, 318 реанимациялық монитор, 314 функционалдық кереует, 381 дозатор, 381 медициналық сорғы және 494 Бобров аппаратын өндіруді жүзеге асыруда. Айдың соңына дейін бұл жабдықтар халыққа сапалы медициналық көмек көрсету үшін қаланың медициналық ұйымдарына берілетін болады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 12:14
Орал тұрғындары үйді бұзуға қарсы наразылыққа шықты
Сайт әкімшілігі 15.10.2021, 17:20
Жаңа заң жобасы қабылданды
М.СӘУЛЕБЕК 15.10.2021, 12:19
Үлкен жолайрық – үлкен қалаларға тән құбылыс
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 15.10.2021, 08:25
«Мұнайдың үстінде отырып мұнайға жарымаймыз»
Еңлік АРЫҚБАЙ 15.10.2021, 08:23
Мектеп құлап жатыр: рас па?
Сайт әкімшілігі 14.10.2021, 12:01
«Атамекен-Түркістан» микро қаржы ұйымы алғашқы жобаны қаржыландырды

Аңдатпа


  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29