23.03.2021, 11:31
669
Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде 325 көшеге атау берілді.
Солардың қатарында алғашқы нөмірінің жарық көргеніне күні кеше 100 жыл толған «Жас Алаш» та бар. Осылайша шымкенттіктер өздерінің сүйікті басылымының 100 жылдық мерейтойына ерекше сый жасады. Сонымен бірге мегаполисте «Егемен Қазақстан», «Ана тілі», «Қазақ радиосы» деп аталатын көшелер де пайда болды. Бұл көшелер Шымкент қаласының Қаратау ауданында орналасқан.
-Одан өзге қаламыздың тарихын айшықтайтын, табиғи ерекшеліктері мен өлке өзгешелігін ескеріп, тау-тас, сай-сала, өзен-көлге лайықты атаулар да берілді,-деп хабарлады Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Айта кетері, бүгінде «Жас Алаштың» аты Түркістан қаласындағы көшелердің бірін де берілген. Сонымен бірге бұған дейін жағанымыздай, Түркістан облысы Мақтаарал ауданында «Жас Алаш» атындағы мектеп бар.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР