Шымкентте жол құрылысы мерзімінде аяқталады

Сайт әкімшілігі

26.09.2020, 09:04

307

        Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шаһар басшысы алдымен, А-2 айналма жолындағы Бадам өзенінің үстінен өтетін көпірді қайта құру жұмыстарымен танысты. Бұл жұмыс 2018 жылдың қазан айында басталған. Жобаның жалпы құны 1 миллиард 916.3 миллион теңге. Соның 1 миллиард 167 миллионы биыл бөлінген. Көпір қараша айында пайдалануға беріледі. Кеңейіп, жаңарған көпірдің ұзындығы — 144 метр, ені — 28,2 метрді құрайтын болады.

—Шымкенттегі магистралды жолдар тәулігіне 20 — 35 мың автокөлік өткізе алады. Ал, бүгінде нақты көрсеткіш 50-70 мың автокөлік немесе екі есе көп. Сондықтан біз жол-көлік инфрақұрылымын дамытуға ерекше көңіл бөліп отырмыз. Қазір Шымкентте 24 магистралды көшеде орта жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Бадам өзенінің үстінен өтетін мына көпір де маңызды нысандардың бірі. Тиісті басқарма мен басқа да жауапты органдар жұмыстың сапалы жүргізілуін және белгіленген мерзімде аяқталуын қадағалауы тиіс, — деді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 14:40
Тас жолдарды тоздырған жүк көліктері жүгенсіз кетті
Еркежан АРЫН 11:37
Алматыда ұжымдық иммунитет қалыптастыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
Расул ЖҰМАЛЫ 21.10.2021, 16:47
Азамат!
Сайт әкімшілігі 21.10.2021, 12:01
Арықта ұйықтап қалған бала отбасына оралды
Сайт әкімшілігі 21.10.2021, 11:58
Алты адам қаза тапқан жол апатының себептері анықталып жатыр
Сайт әкімшілігі 20.10.2021, 19:38
Жалпақ жұртқа аты мәлім Жақаев

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31