Шымкентті кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші өсіп келеді

Сайт әкімшілігі

05.11.2020, 03:46

74

Шымкент қаласының кәріз жүйесімен қамтамасыз етілу деңгейі 49,1%-ды құрап отыр.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша,  қала аумағында жалпы 838 шақырым кәріз құбырлары бар болса, оның ішінде 168 шақырымы магистралды және 670 шақырымы ішкі орамдық жүйелер. Алайда,  құбырлардың 73 пайызының тозығы жеткен. Қазіргі таңда қала тұрғындарын кәрізбен қамту мақсатында, 3 магистралды және 14 ішкі орамдық кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Тоғыс шағынауданындағы магистралдық кәріз коллекторының құрылысын 2020 жылдың соңына дейін аяқтап, ондағы 24 көпқабатты тұрғын үй кәріз жүйесіне қосылады.

Сонымен қатар, Арғынбеков көшесінің бойымен №2 коллекторға дейін кәріз коллекторының құрылысы аяқталса, 49 мың адамды құрайтын 6 елдімекен кәріз жүйесіне қосылады. Бұл құрылыс жұмыстары 2021 жылға өтпелі.

Ал, Тұран шағын аудандағы №25,26,28,29 орамдардағы магистралды кәріз коллекторының құрылысы аяқталса 27 көпқабатты тұрғын үй кәріз жүйесіне қосылатын болады.

Қазіргі таңда, 140 мың адамды құрайтын 14 шағын ауданда ішкі орамдық кәріз жүйелерінің құрылысы жұмыстары басталған. Құрылыс нысандары келер жылы аяқталады деп жоспарланған.

Осы жылдың соңында мемлекет және жеке инвесторлардың қаржысы есебінен 136 көпқабатты тұрғын үйге пайдалануға беру көзделіп отыр. Аталған жұмыстар аяқталса қаланы кәрізбен қамту көрсеткіші 49,1%- дан 52,3%-ға өседі.

Сондай-ақ, 2021-2022 жылдары ішкі орамдық кәріз жүйелерінің құрылысы аяқталған жағдайда қаланың солтүстік бөлігінде орналасқан Шымсити, Асар-2, Достық, Тұран, Солтүстік саяжай шағынаудандары кәріз жүйесіне қосылуға мүмкіндік алады. Тәулігіне 18-20 мың текше метр кәріз суы қосымша тазартуға қосылады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 17:56
Оңалту орталығына жасалған сый
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 10:18
Өндірісті өлке өміршеңдігін танытты
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ 09:20
Бір Өскеменге екі Пушкин әділет пе?
Сайт әкімшілігі 25.11.2020, 22:33
«Бизнеске арналған үкімет»
Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ 25.11.2020, 17:22
Батыс Қазақстанда азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін 30 мини-маркет ашылады
Нұрболат ӘЛДИБЕК 25.11.2020, 10:14
Байзақтықтар бала таптыру мен жол жөндеуден көш бастап тұр

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    25.11.2020, 10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57
  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    24.11.2020, 12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42