Шымкенттік жас ғалым ғаламат технология ойлап тапты

Сайт әкімшілігі

28.09.2020, 08:55

5094

Шымкенттегі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің түлегі Азамат Қонысбай пандемия кезінде жаңа технология ойлап тапты. Ол суды, тұрмыстық және өндірістік үй-жайларды залалсыздандыруға арналған азон генераторын жасап шығарған. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жас технолог өз жұмысын қала әкімі Мұрат Әйтеновке таныстырды.

— Озон генераторының құны 150 000 теңгені құрайды. Бұл санитарлық дезинфекция қызметін пайдаланудан шамамен 1 жылға есептегенде 25 есе арзан. Яғни технологияны пайдаланудың құны төмен және дезинфекциялық жабдықты бірнеше рет пайдалана беруге болады. Оңай жөнделеді, қолжетімді әрі тиімді, — дейді Азамат Қонысбай.

Озон генераторының басты жаңалығы — дезинфекциялаудың ескі тиімсіз әдістерін алмастыруда болып тұр. Бұл генератор қашықтан адамның араласуынсыз автоматты режимде пайдаланатын құрал ретінде жұмыс жасайды.

Аталған технология елімізде тұрақты залалсыздандыру шараларында, медицина қызметкерлерінің арнайы киімдерін және адамдардың көп шоғырланатын орындарын дезинфекциялауда сұранысқа ие.

Азамат Қонысбай ендігі кезекте технологияны қолданысқа ендіріп, патенттеуді қолға алып отыр.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 16:32
25 млн теңге жымқырған алаяқ құрықталды
Сайт әкімшілігі 10:03
Баталов ауыл тұрғындарының арызына құлақ аса ма?
Сайт әкімшілігі 09:38
Бес өңір "қызыл аймаққа" енді
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 15.01.2021, 10:02
Бөлекбаев қарағандылықтардың қалтырап отырғаны үшін кешірім сұрады
Миуа БАЙНАЗАРОВА 15.01.2021, 09:54
Жол сапасы неге нашар?
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 15.01.2021, 08:53
Жедел жәрдем мамандары қысым көргендерін айтып шу шығарды

Аңдатпа


  • Бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны мыңнан асты
    10:57
  • Жұрт жадындағы Жолдасбек
    10.01.2021, 00:33
  • «Жас Алашым» – жастық шағым
    15.01.2021, 10:07
  • Қуат Хамитов: Қазағы көп жерге кетіп барамын
    14.01.2021, 13:01
  • «Әр таңымызды үреймен қарсы аламыз» (видео)
    14.01.2021, 11:41