Шымкенттіктер нен көп, нені аз тұтынады?

Сайт әкімшілігі

26.09.2020, 06:54

2108

Шымкент қаласы тұрғындарының ең көп тұтынатын тағамдары — сүт пен сүт өнімдері, жұмыртқа мен нан және жарма өнімдері болып шыққан. Бұндай мәліметті Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті ресми сайтында жариялаған.

Ал, шымкенттіктердің ең аз тұтынған өнімдері балық және теңіз өнімдері мен май және мал майы екен.

Статистердің мәліметінше, 2020 жылғы IІ тоқсанда 2019 жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда үй шаруашылықтарының тұтыну шығыстарындағы азық-түлік өнімдерін сатып алуға жұмсаған шығыстарының көп үлесі ет және ет өнімдері мен нан өнімдері, жарма өнімдері, сүт және сүт өнімдеріне тиесілі болған.

Айта кетейік, қалада сегіз айдың ішінде 100 миллион данадан астам жұмыртқа мен 35,2 мың тонна сүт өндірілген. Ал, ет өндірісі 1,1 пайызға артып, 10,6 мың тоннаны құраған.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 14:40
Тас жолдарды тоздырған жүк көліктері жүгенсіз кетті
Еркежан АРЫН 11:37
Алматыда ұжымдық иммунитет қалыптастыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
Расул ЖҰМАЛЫ 21.10.2021, 16:47
Азамат!
Сайт әкімшілігі 21.10.2021, 12:01
Арықта ұйықтап қалған бала отбасына оралды
Сайт әкімшілігі 21.10.2021, 11:58
Алты адам қаза тапқан жол апатының себептері анықталып жатыр
Сайт әкімшілігі 20.10.2021, 19:38
Жалпақ жұртқа аты мәлім Жақаев

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31