Шымкенттің шалғайдағы көшелері жарықтандырылды

Сайт әкімшілігі

06.10.2020, 15:26

14

Шымкент қаласында шалғайда орналасқан тұрғын алаптардағы 39 көшеге жарық шамдар орнатылып, төрт көшенің жарық жүйелеріне қайта құру жұмыстары жүргізілді. Ал алдағы үш жылда қаладағы 303 көшені жарықтандыру жоспарланып отыр. Бұл туралы қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы хабарлады.

Басқарма мамандарының мәліметіне сүйенсек, қаладағы Құрсай, Қазғұрт, Сауле шағын аудандарындағы бірқатар көшелер мен Қайнарбұлақ саяжайының орталық көшесіне жарықтандыру бағаналары қойылуда.

Сондай-ақ, Ленгір бағытындағы тас жолдың ескі шамдары диодты шамдарға ауыстырылып, қосымша жарық жүйесі орнатылған.

Сала мамандарының айтуынша, қала көшелерін жарықтандыру бойынша үш жылдық жоспар жасалынған. Жоспар толық іске асырылған уақытта 100 пайыз энергия үнемдейтін LED шамдар қойылып, тозған тіректерді толығымен жаңасына ауыстырып, жарықтандырылатын көшелердің саны 181-ден 484 көшеге ұлғаяды екен.

Сонымен қатар, шалғай елді мекендердегі көшелерді сыртқы жарықтандырумен қамтамасыз ету және диспетчерлік орталық құру арқылы бір орталықтан басқару көзделіп отыр.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Мариям МАҚСАТ 22.10.2020, 10:52
Қымбатқа түскен «ноу-хау»
М.СӘУЛЕБЕК 22.10.2020, 10:48
Ерікті болу еріккен адамның тірлігі емес
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 22.10.2020, 10:30
Жобалар жүзеге асуымен құнды
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 22.10.2020, 10:18
Қауынқақтың орнына қауынқытырлақ, Ақмаржанның орнына Айсара
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 22.10.2020, 10:14
Маңғаз кәсіпкерлер мемлекеттік тілді менсінбейді
Батырхан Тоғызов 20.10.2020, 10:58
Әр адамның еңбек өтілі дербес есептелсін

Аңдатпа


  • Қымбатқа түскен «ноу-хау»
    22.10.2020, 10:52
  • Д. Ахметов: «Азаматтың қазасына себепкерлер жазасыз қалмайды»
    22.10.2020, 09:42
  • Мырзан Кенжебай: Менің атымды жамылған кім?
    20.10.2020, 14:28
  • Егіндібұлақ елінің еңсесі езіліп тұр
    20.10.2020, 10:41
  • Мақаншыда «қинау» фактісі бойынша ауыл тұрғыны полиция қолынан қаза тапты (видео)
    19.10.2020, 15:16