Сотталушылар наразылық көрсетіп Жезқазған түрмесіне тергеу тобы барды (видео)

Айшуақ АРАЙ

27.11.2020, 13:20

1026

Әлеуметтік желіге Жезқазған қаласындағы АК — 159/25 түзету мекемесінің сотталушыларының наразылық жасаған бейнежазбасы тарап кетті.

Жазасын өтеушілер " YouTube" желісіне бейнежазбаларын салған. Сотталушылар ауыздары мен көздерін наразылық шарасы ретінде тігіп тастаған. Олар өздеріне түрме басшылығы тарапынан қысым жасалатынын мәлімдеген. Сонымен қатар түрме бастығы түзету мекемесіндегі сорақы жағдайды айтпау үшін өздеріне есірткі мен ұялы телефонды бергенін айтады.

" Егер бізді өлтіріп тастаса, шындықты айтқанымыз үшін жаза тарттық деп есептейміз " ,- деді жазасын өтеушінің бірі жарияланған бейнежазбада. 

Бейнежазба тарап шу шыққан соң, қылмыстық атқару жүйесі департаменті аталмыш жайтқа қатысты мәлімдеме жасады.

Олардың айтуынша, наразы болғандар  сотталушылар Н.Б. Баймағанов, Ж.Р. Жармағанов, М.Х Сапаров болып шыққан.Үш сотталушы да аса ауыр қылмыс жасағандар.

Бұл оқиғадан кейін прокуратура мен Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің мамандарынан жасақталған тергеу оперативтік тобы түзету мекемесіне барған. 

«Шағым білдірген сотталушылар бұған дейін де бірнеше рет режим бұзған айыпталушылар болып табылады. Қызметтік тексерістен соң бұл оқиғаға мамандардың қатысы болса олар міндетті түрде жаза алады. Тәртіптік жаза, қылмыстық жазаға тарту,  жұмысынан шығару  жазалары қарастырылады. Тергеу барысында наразы болған жазасын өтеушілерден жауап алынды, ұялы телефондары тәркіленді »,- деп мәлімдеді Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.

Тегтер: түзету мекемесі наразылық тергеу тексеру

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:01
Қазақстанның құқықтық саласы дамып келеді
Еркежан АРЫН 08:40
Мұқтаж жандар азық-түлікпен қамтамасыз етілді
Еркежан АРЫН 27.07.2021, 12:45
Қазақстан мобильді интернет жылдамдығы бойынша әлемде көш басында
Сайт әкімшілігі 26.07.2021, 13:15
Теңізде жұмысшылар ереуілге шықты
Сайт әкімшілігі 25.07.2021, 16:55
Жөлек ауылында алғашқы дауыс берген адамға сыйлық берілді
Б.СӘРСЕНБИ 23.07.2021, 16:06
Батысқа көмек! Оңтүстік осындай ұранмен Маңғыстауға жемшөп жіберіп жатыр

Аңдатпа


  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15
  • «Жас Алаш» Түркістан төрінде
    07.07.2021, 08:59
  • Жайыққа келді «Жас Алаш!»
    28.06.2021, 09:02
  • "Жас Алаштықтар" "Қазақстанның құрметті журналисі" атанды
    24.06.2021, 13:55