07.04.2021, 09:48
708
Өткен тәулікте Шығыс Қазақстан облысында 1 тұрғын үйді және үй маңындағы 3 аумақты су басты. Бұл туралы Төтенше жағдай министрлігі мәлімдеді.
«Қазіргі таңда республика бойынша жағдай тұрақты. Азаматтық қорғау қызметтері мен құрылымдарының іс-қимылын үйлестіру үшін 9 өңірде республикалық жедел штаб құрылды. Олар елорда мен Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында орналасқан», — делінген ведомствоның мәліметінде.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, барлық аймақта су тасқынының алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР