Судьяның тәртібін комиссия қарады

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

27.02.2021, 22:00

1411

Қарағандыда судьялардың іс-әрекетіне қатысты тағы дау-дамай шықты. Бұл жолы сезіміне ерік берген облыстық соттың судьясы Тотай Ерімбетов әріптестері арасында ерекшелене түсті. Судьяның сот процесіне қатысқан әйел адамға көзі түсіп қалса керек, оған қоңырау шалып, смс хабарлама жазып мазасын алыпты. Судья "қыр соңымнан қалмады" деген әйел адам 9 желтоқсанда шағым жазыпты.

Ол арызын Қазақстан Республикасы Судьялар одағының Қарағанды филиалы судья әдебі жөніндегі комиссияның отырысында қарасын  деген өтініш білдіріпті.

Облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл шағымды комиссия өткен жылдың 25 желтоқсанында арызданушы мен оның өкілінің және  судья Тотай Ерімбетовтің қатысуымен қарапты.

Судьялық әдеп кодексі талаптарының бұзылу фактісі анықталған. 

«Судьяның судья әдебіне қайшы келетін теріс қылық жасау фактісі танылған жағдайда, комиссия талқылаумен шектелуге немесе қоғамдық мін тағуға құқылы. Бұл жағдайда комиссия тарапынан қоғамдық мін тағу туралы шешім қабылданған», — деп мәлімдеді

Облыстық соттың баспасөз қызметі. Шығарылған шешімге қатысты судья Тотай Ерімбетовтен және арызданушыдан екінші рет шағым түспеген. Осылайша әдепсіз қылығы жұртқа жария болған судья қоғамдық мін тағу айыбымен құтылды.

Тегтер: сот заң жауапкершілік

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 15.10.2021, 17:20
Жаңа заң жобасы қабылданды
М.СӘУЛЕБЕК 15.10.2021, 12:19
Үлкен жолайрық – үлкен қалаларға тән құбылыс
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 15.10.2021, 08:25
«Мұнайдың үстінде отырып мұнайға жарымаймыз»
Еңлік АРЫҚБАЙ 15.10.2021, 08:23
Мектеп құлап жатыр: рас па?
Сайт әкімшілігі 14.10.2021, 12:01
«Атамекен-Түркістан» микро қаржы ұйымы алғашқы жобаны қаржыландырды
Гүлнар ДҮЙСЕБАЙ 14.10.2021, 10:56
Даланың дана диқаны

Аңдатпа


  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29