Талғарда тағы шу: Аралас мектеп керек емес

Сәния НҮСІПӘЛІ

11.11.2021, 13:07

3535

Құрметті ұстаздар, ата-аналар  үндеуіме үндеу қосып жіберіңіздер!!!

Талғар ауданының жоғары тау баурайына орналасқан жергілікті жұрт «Инкубатор» атап кеткен ауданда салынған жаңа мектепті Т.Рысқұлов атындағы №9 мектеп асыға күтіп отыр едік. Мектеп құрылысы аяқтап, қолданысқа берілетін болғаны қуантса да, аралас мектеп  болады деген  жаңалық қуанышымызды су сепкендей басып тастады.

Ол аз болғандай, мектеп-мектепке жаңа мектепке баратын оқушы бар ма деген хабарлама уатцап желісі арқылы тарап жатыр. Бұл мектеп негізі Т.Рысқұлов атындағы №9 мектепке берілуі тиіс болған. Өйткені Талғар аудандық №9 мектеп ескі, бала бақшаға арналған ғимаратта оқып жатырмыз. Ешқандай жағдай жасалмаған. Бұрыңғы аудан әкімі Жолан Омарұлы осы мектепті №9 мектепке беріледі деген болатын. Ол кісі қайтыс болған соң, әкімдік өз білгендерін істеп отыр.  Талғар қаласында №1, №5, №6, №8 мектептер аралас мектеп, №3, №4 таза орыс мектептер .

Сөзінде тұрмайтын басшыларға сұрақ......

Аудан халқының саны 196 567 адам (2019), ұлттық құрамы: қазақтар (63,77%), орыстар (18,25%), ұйғырлар (9,69%), түріктер (2,57%), әзірбайжандар (1,60%), күрдтер (0,77%), татарлар (0,56%), корейлер (0,44%), немістер (0,42%), өзбектер (0,36%), гректер (0,30%), украиндар (0,20%), қырғыздар (0,18%), поляктар (0,12%), шешендер (0,13%), дүңгендер (0,02%), беларустар (0,03%), басқалары (0,59%).

1.Қазақтар 63% тұратын қалада қанша аралас мектеп болу керек?  Аралас мектепке қажеттілік бар ма? Не үшін жаңа мектепті аралас мектеп етіп ашқалы отыр? Халықпен неге санаспайды?

2.  Мектептің құрылысы аяқталып, қолданысқа берілеті жайлы неге БАҚ арқылы жарияламаған? Жоқ, бұл өтіріктің бір ұшы ма?

3. Мемлекеттің ақшасына салынған мектеп неге қазақ балаларының білім алуына берілмейді?

4. Аралас Мектепте ашылған орыс сыныптарында түгел қазақ балалары оқып отырғаны басшыларды неге ойландырмайды? Жоқ, бұл кезекті орыстандыру саясаты ма?

Ұлттың болашағы кімнің қолында? Осы сұрақ мазалайды. Өз еліңде өгейдің күнін кешкен тілім тағы да босағада қалды.

Не жазсаң да, не айтсаң да ештеңе өзгермейді деген сөздерді елемей, үн қатып отырмын. Халықты тыңдайтын өкімет қайда? Кім тыңдайды?

Тегтер: мектеп мәселе ұстаз басшылық лицензия жанайқай

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 17:45
Шиелі ауданында 3297 жаңа жұмыс орны ашылды
Сайт әкімшілігі 16:19
Шиелі ауданында 3297 жаңа жұмыс орны ашылды
Бифат ЕЛТАЕВА 12:21
Ғибраты мол байқау
Сайт әкімшілігі 08:37
Павлодарда лак-бояу өнімдері қоймасында алапат өрт болды
Сайт әкімшілігі 26.11.2021, 13:30
Қарағандыда тағы бір ферроқорытпа зауыты ашылды
Сайт әкімшілігі 26.11.2021, 12:16
Жезқазған ақыны Қарағандыда өткен республикалық айтыста Бас жүлде иегері атанды

Аңдатпа


  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    26.10.2021, 11:14
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30