27.08.2021, 13:54
1536
Бас көлік прокуратурасының баспасөз хатшысы Абырой Халықұлы Тараз маңындағы жарылыс кезінде қаза тапқандардың бірі туралы айтты.
«Бүгін таңертең әріптесіміз оңтүстік өңірдің әскери прокуроры Қапезов Арман Қуанышұлының қаза болғаны туралы қайғылы хабар келді.
Жамбыл облысындағы әскери бөлімде болған өрт туралы хабарды алған ол оқиғалардың эпицентріне алғашқылардың бірі болып жетті, онда адам өлімінің алдын алуға көмектесуге тырысты. Ол өз ісімен бізге нағыз прокурордың, антқа адал, офицердің үлгісін көрсетті, ол Отан алдындағы борышын орындады», — деп жазды ол.
Халықұлының айтуынша, бүгін полковник Қапезовтің туған күні.
Оны жақын танитын әріптестері оның туған жерін жан-тәнімен сүйетінін, адал және нағыз офицер екенін біледі.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР