Таразда дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды

Сайт әкімшілігі

07.12.2020, 12:20

245

Жамбыл жері жұдырығы жуан боксшылар мен алысқанды алып жығатын палуандар мекені екені белгілі. Тек Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін айтар болсақ, Жақсылық Үшкемпіров (марқұм), Серік Қонақбаев, Ермахан Ыбырайымов, Бақтияр Артаев, Болат Жұмаділов, Ислам Байрамуков, Болат Ниязымбетов, Елдос Сметов, Ақжүрек Таңатаров...

Бұйырса бұл тізімді биылғы Токио Олимпиадасында Ерғали Әлішер, Әбілхан Аманқұл сынды жерлестеріміз жалғастыруы мүмкін.

Күні кеше осы ағаларының жолын қуатын жеткіншектерге арналып Тараз қаласында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды. Ол №2 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің балансына берілді.

Кешеннің құрылысына 288 миллион теңге бөлінген. Нысанның ашылу салтанатына Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев арнайы қатысты. Аймақ басшысы облыста спорт саласы ойдағыдай дамып келе жатқанын баса айтты.

— Мемлекет ел тұрғындарының денсаулығын арттыру үшін барлық жаңдайды жасауда, өйткені дені сау ұлт әрқашан бәсекеге қабілетті болады. Биыл спортты дамытуға сегіз миллиардтан астам теңге бөлінді. Осындай қолдаудың нәтижесінде, міне, тағы бір заманауи кешен ашылуда. Бұл жас ұрпақтың денсаулығын нығайтуға және тұрғындарды жүйелі түрде спортпен айналысуына ықпал етері сөзсіз. Кешен таңертеңнен кешке дейін, әсіресе демалыс күндері де жұмыс істеуі тиіс. Сонда ғана балалар өздеріне ыңғайлы уақытта жаттыға алады, — деді Бердібек Сапарбаев.

Ол сондай-ақ жақын маңда орналасқан М.Мақатаев атындағы №14 мектеп келер жылы жаңғыртылатынын жеткізді. Аумақта саябақ салынбақ. Облыс әкімі кешенді аралап, жас спортшылармен әңгімеге тартты. Жаңа кешенде баскетбол, волейбол, гандболдан жаттығулар мен жарыстар өткізуге арналған залдармен қамтылған. Сонымен қатар жаттығу залы және медициналық кабинеттер бар. Бокс, армрестлинг, күрес, каратэ секциялары ашылған Кешен директоры Марат Стамқұловтың айтуынша, қазірдің өзінде спорт секцияларына 500 оқушы жазылған.

— Мен армрестлингпен бірнеше жылдан бері айналысамын. Енді жаңа кешенде жаттығатын боламын. Мұндағы залдар кең, жарық және жылы. Мұнда тек кәсіби спортшылар ғана емес, спорттық демалысты ұнататындарға да келуге болатыны қуаңтады, — дейді №39 орта мектептің оқушысы Аяулым Құдайбергенова.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 16:32
Алматы облысында демалыс күндері локдаун жарияланады
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 12:03
Қараусыз қалған аулалар, қоқыс басқан Қарағанды
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 08:58
Ермекбаев айтқан «диверсия» дәлелденді ме?
Заңғар КЕРІМ,арнайы «Жас Алаш» үшін Токиодан 03.08.2021, 14:32
Грек-рим шеберлері сенімді ақтамады
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 03.08.2021, 12:12
Басты мақсат – сот жүйесіне халықтың сенімін арттыру
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 13:15
Дәрігерлер тұрғындарға үндеу жасады

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58