Тараздағы жарылыс: қайтыс болғандардың қарызы кешіріледі

Сайт әкімшілігі

29.09.2021, 16:28

625

Еліміздің қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Жамбыл облысының әкімдігімен, банктермен және басқа да қаржылық ұйымдармен бірлесіп, Байзақ аймағындағы жарылыстан қаза тапқан азаматтардың отбасыларының қарыз жүктемесін азайту бойынша шаралар қабылдады.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, жергілікті билік басқа да қолдау шараларын қабылдаған.

«Біздің банктермен, микроқаржы ұйымдарымен және коллекторлық агенттіктермен жұмысымыз өз нәтижесін берді. Төтенше жағдай салдарынан қайтыс болған қарыз алушылар мен олардың отбасыларының қарыздарын толығымен жою туралы бірыңғай шешім қабылданды. Бүгінгі күнге дейін 47 несие толық көлемде кешірілді», — деді Бердібек Машбекұлы.

Ecке салайық, 26 тамызда Байзақ ауданында орналасқан 28349 әскери бөлімінің аумағында болған өрт пен жарылыстан 17 азамат қайтыс болды. Бір адам хабарсыз кетті. Қаза тапқандардың арасында Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, прокурорлар мен әскери қызметкерлер бар.

Тегтер: жарылыс оқиға қылмыс тергеу тексеру

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 12:01
Арықта ұйықтап қалған бала отбасына оралды
Сайт әкімшілігі 11:58
Алты адам қаза тапқан жол апатының себептері анықталып жатыр
Сайт әкімшілігі 20.10.2021, 19:38
Жалпақ жұртқа аты мәлім Жақаев
Бақыт ТІЛЕГЕН 20.10.2021, 18:42
Ерікті болу еріккеннің ісі емес
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 19.10.2021, 16:02
Жазықты сытылып кетсе, жазықсыз соттала ма
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 19.10.2021, 14:34
Әшірбек Сығай атындағы тұңғыш республикалық театр фестивалі мәреге жетті

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31