Тариф қайда барасың?

Сайт әкімшілігі

08.10.2020, 09:46

1366

Жағадан алған қымбатшылық жұрттың әбден қалтасы мен жүйкесін жұқартып тұр.  Қарағандыда осы бір қысылтаяң шақта монополистер де  текке жатпай6 тарифті өсіруді сұрап, «қылқылдай» бастады. Қыс бойы Қарағандының қоқысын тазарта алмай, дүйім жұртты шулатып келген қоқыс шығару қызметін атқаратын «Горкомтранс» мекемесі қызмет ақысын өсіруді сұрап отыр. Горкомтранс  жұмыскерлер жалақысының аз екенін алға тартып, жамбасына екі жүз теңгеден төленетін тарифті үш жүзден асыруды сұрап отыр.

Алдағы уақытта монополистің ұсыныс тілегін қалалық маслихат депутаттары мен жергілікті атқамінерлер қарайтын болады. Қоқысқа қоса, жылу  бағасының да қымбаттайтын түрі бар. Қарағанды жұртын жылумен қамтамасыз ететін «Қарағанды Жылу Транзит» компаниясы жылудың  тасымалдау және тарату тарифін 66 пайызға көтеруге өтініш білдірген. Компания алдағы бес жылға осындай тарифті бекітіп алуды мақсат етіп отыр. Айта кету керек, қазірдің өзінде жылудың бағасы арзан болып тұрған жоқ. Бір қызығы, монополист ұсынып отырған жаңа тарифті жұртқа ұсынып таныстыратын қоғамдық тыңдалымды жалпақ жұртқа көп жарияламапты. Қарағандылықтардың басым бөлігі мұндай тыңдалымның өтетінін естімеген. Тіпті «Қарағанды Жылу Транзит» компаниясы қоғамдық тыңдалымға барған белсенді қоғам өкілдері мен қала тұрғындарын ішке кіргізбей қойған. Компания мамандары қоғамдық тыңдалымға өтпек болғандардан соңғы үш күн ішінде тапсырған, короновирусты анықтайтын ПЦР тестің қорытындысын сұраған. Құны 17 мың теңгеден асатын ПЦР тестін тапсыруға ешкім құлықсыз болғандықтан, тыңдалымға бірде-бір қарағандылық кірмеген. Ақыр соңында қала тұрғындары компания басшыларының тарифті көтеру жөніндегі ұсынысын Фейсбук желісі арқылы  ғана тыңдаған. Мұның өзінде компания өкілдері шешіліп көп сөйлей қоймады.

— Қазіргі уақытта біздің компанияда мамандар жалақысы орта есеппен 110 мың, 167 мың теңгені құрайды. Жалақы аз болған соң көптеген маман жұмыстан кетіп қалады. 2016-2020 жылдар аралығындағы тарифті бекіткенде,  біз 56 пайыз сұраған болатынбыз.  Алайда сол кезде 11 пайызды ғана көтеруге рұқсат берген. Бұл жағдай біздегі жұмыскерлер жалақысын өсіре алмауымызға және жылу желілеріне жөндеу жұмыстарын толық жүргізбеуге алып келді, – деп мәлімдеді Қарағанды Жылу Транзит компаниясының өкілі Әлішер Ибрагимов.

Бұған қоса «Қарағанды су» мен «Қарағанды Жарық» компаниясы бес жылға бекітілген шектеулі тариф деңгейінің мерзімі 31 желтоқсанда аяқталатындықтан, тарифті өсіруді сұрап отыр. Бұл монополистер де тарифті аз дегенде елу пайызға көтеруді сұрайды. Осылайша,  жаңа жылда жаңа тариф Қарағанды  жұртының қалтасын қағатын түрі бар.

–Тариф қымбаттайды дегенді  естігенде қуанбаймыз ғой,  әрине. Бірақ бір мезетте жылу, тоқ, су және қоқыс қызметі қымбаттап кетсе не боламыз?.. Жалақы деңгейі өспейді ал одан басқасы қымбаттай береді,  жұртты ойлайтын біреу бар ма өзі, –деп пікірін білдірді қала тұрғыны Сәрсен Жолдас.

Дегенмен монополияға қарсы комитет мамандары монополистердің сұраған тарифін сол деңгейде бекіте салу бұрын-соңды болмаған деп отыр.

— Монополистердің тілек  ниеттерімен департамент рұқсат ететін тариф деңгейінің айырмашылығы көп. 2015 жылы субъектілер тарифті бірнеше есеге көтеруді сұраған. Бірақ оның бәрін департамент мақұлдай береді деген сөз емес, – дейді Табиғи монополияны реттеу департаменті бастығының орынбасары Данияр Сырымбетов .

— Дегенмен қазірдің өзінде 1 қазаннан бастап, тұрғындар үшін тоқ 3 пайызға қымбаттап кетті. Ал елу, алпыс пайыз тарифті өсіруді сұраған монополистердің өтініші қараша айында қаралып,  сонда нақты шешім шығатын болады. Онсыз да «шықпа жаным шықпа» деп отырған қараша халық жергілікті билік қымбатшылыққа тоқтам жасай ала ма деп алаңдап отыр.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

М.СӘУЛЕБЕК 09:34
Бюджет жобасын халық жасайды
М.СӘУЛЕБЕК 09:31
Агроиндустриалды аймақ құрылады
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 09:25
Күнгейдің көлеңкелі тұстары
Сайт әкімшілігі 28.10.2020, 14:08
Алматы облысының полициясы қауіпті қылмыскерді іздестіруде
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 27.10.2020, 11:30
«Біз оны жұмысқа алған жоқпыз...»
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 27.10.2020, 10:39
Трактор табанына тапталған балалар алаңы

Аңдатпа


  • Мүгедекке айналған азамат әділет іздеп әлек
    11:03
  • Қайда кеткен? Қоймада коронавирустан емдейтін 12 дәрі жоқ болып шықты
    28.10.2020, 16:24
  • Kaspi.kz сервистері жұмыс істеп тұр
    28.10.2020, 15:38
  • Жалт етіп сөнген бір жасын
    27.10.2020, 09:53
  • Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады
    26.10.2020, 10:04