17.03.2021, 11:37
1105
Дәнекерлеу жұмысы барысында орын алған жарылыстың салдарынан күйік алған 1970-жылы туған Олег Кузецов қайтыс болды. Ауыр жағдайдағы кеншіні облыстық Мақажанов атындағы көп салалы клиникасының дәрігерлері орынынан қозғамай ем-дом көрсетті.
— «Науқастың жағдайы өте ауыр күйде болды. Оның денесінің 95 пайызын күйік шалған. Біздің тарапымыздан жасалған жан-жақты сауықтыру шараларына қарамастан, ол 3-күні қайтыс болды»- деп мәлімдеді, клиниканың травматолог-ортопед дәрігері Манас Әміров.
Ал, зардап шеккен екінші кенші Мақажанов атындағы клиникада емделіп жатыр. Оның тұла бойының 25 пайызын күйік шарпыған.
Естеріңізге сала кетейік, 11- наурызда «Арселор Миталл-Теміртау» металлургиялық зауытына қарасты № 2-жылу энергия орталығындағы дәнекерлеу жұмысы кезінде бояу құйылған бөшке атылып, екі кенші жарақат алған еді.
Ұқсас материалдар:
«АрселлорМиттал Теміртауда» жарылыс болды
Апаттың салдарын зерттеу басталды
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР