24.10.2020, 08:48
257
Шымкент қаласында бұқаралық спортты дамыту мақсатында Ұлттық теннис орталығындағы теннис корты қайта жөнделуде. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгінде құрылыс жұмыстары қызу жүруде. Демонтаж және аллея автосуғарғышын орнату жұмыстары толығымен аяқталған. Ал, инженерлік жүйелер жүргізу 70 %-ға орындалған.
Нысандағы жұмыстар қараша айында аяқталады деп күтілуде. Нәтижесінде мұнда қосымша жаңадан 4 корт, көрермендер үшін шатырымен трибуна, сквер және келушілерге арналған автотұрақ болады.
Сонымен қатар, құрылыс басқармасының мәліметінше, зоологиялық бақтағы қайта құру жұмыстары желтоқсанда аяқталады. Жаңадан 2 павильон, жасанды өзен және көпір салынып жатыр.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР