Тілсіз жаудың қасіреті азаймай тұр

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

06.07.2021, 12:11

2489

Қарағанды облысында соңғы кездері аптап ыстық жұрттың берекесін алып тұр. Күн қатты ысыған соң, дала өртінің өршуімен қатар, суға кетіп құрбан болғандардың саны арта бастады. Шілденің шіліңгір ыстығында пана іздеген көпшілік өзен-көлдерді жағалай бастады. Облыс аумағында екі күн ішінде төрт адам суға кетіп, ажал құшты. Олардың барлығы өрімдей жастар. «Мұндай қайғылы статистика азаматтардың жабдықталмаған жерлерде шомылуға тыйым салуды елемегенінен орын алды», – дейді құтқарушылар.  Атап айтар болсақ, 3 шілдеде Қарқаралы ауданындағы Үлкен көлде ТЖД құтқарушылары суға түсіп, шыға алмай қалған 1998 жылы туған жас жігіттің денесін алып шықты.       4 шілде күні Осакаров ауданындағы Ақпан бөгетінде құтқарушылар 19 жастағы жігіттің денесін жағалаудан 6 метр қашықтықтағы жерден алып шыққан. Сондай-ақ Қушоқы кентіндегі «Ертіс-Қарағанды» су арнасына 1994 жылғы жігіт батып кетсе, судың төртінші құрбаны – 1979 жылы туған ер адам Нұра өзенінен шыға алмай қалған.        Қайғылы жағдай көбейген екі күн ішінде құтқарушылар су айдындарында 100 рейд жүргізіп, жұртты қауіптің бары жайында ескертіп, жадынама таратқан. «Қарағанды облысының ТЖД азаматтардан демалу кезінде суға шомылғанда қырағылық пен шамадан тыс жауапкершілік танытуды сұрайды. Мүмкіндігінше судағы тәртіп ережелерімен танысып, жақын жерде құтқарушылар мен дәрігерлер бекеті бар, жабдықталған, жүзу шекарасы белгіленген жерде ғана суға шомылған дұрыс. Мұндай орындардың саны – 83, олардың барлығы қажетті құрылғылармен жабдықталған», – дейді ТЖД ресми өкілі Жанна Дәуренбекова.

                                 Өрттен мал қырылып жатыр

        Аймақта сумен қоса, өрттің де залалы аз болмай тұр. Төтенше жағдайлар қызметінің ақпарынша, 5 шілдедегі жағдай бойынша облыс аумағында 17 дала өрті тұтанған.  Тілсіз жау Ұлытау, Бұқар жырау, Осакаров, Нұра, Жаңаарқа аудандарындағы далалық аймақтарда бірнеше гектар жерді жайпаған. Әсіресе өрт Ұлытау ауданында дес бермей жатыр. Өкінішке қарай, өрттен өрімдей жігіт құрбан болған. 4 шілдеде тұрғындар Ұлытау ауданының Жангелдин және Ақтас ауылының өрт шарпыған жерлерін аралап жүргенде, өртенген «Уаз» автокөлігін және сол жерден 6 метр қашықтықтан 1998 жылғы ер адамның өлі денесін тапты. Өрт тұтанған аумақта қалған 200 бас қой қырылып қалған.          Бүгінде Ұлытау ауданында өрт ауқымы күшейгендіктен, төтенше жағдай жарияланды. «Қазіргі уақытта облыста 17 табиғи өрт ошағы бақылауға алынды. Оқиға орнында тәулік бойы 70 дана техника, ТЖД-ның 350-ден астам қызметкері мен еріктілер жұмыс істеуде. Тілсіз жаудың орындары ауыздықталып, қалғандары бақылауға алынды», – дейді облыс әкімі Жеңіс Қасымбек.        Биыл аз шығып, ерте қурай бастаған ауылдағы шабындық жерлері мен малынан айырылып қалған жұрт зар илеуде. Тұрғындардың айтуынша, Ұлытау ауданына бастапқыда өрт шыққанда екі өрт сөндіру көлігі ғана келіп, өртке шамасы жетпеген. Кейін көлік санын көбейте бастаған. Бүгінде ауыл халқының барлығы жабылып, өрт сөндірушілерге көмектесіп жүр.

Тегтер: өрт оқиға қауіпсіздік төтенше жағдай

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 10:30
Келесте 14 мал ұрлығына қатысы бар топ ұсталды
Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 09:43
Коронавирус жұқтырған жеті қазақстандық ауыр жағдайда жатыр
Сайт әкімшілігі 21.05.2022, 19:13
Шымкенттегі жарылыс: Оқиға салдарынан бір нәресте шетінеді
Сайт әкімшілігі 21.05.2022, 18:29
Шымкент:Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы жарылысқа байланысты шұғыл брифинг берді
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 20.05.2022, 11:50
Кәсіпкерлік ортаның бәсекесі қыза бастады
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 19.05.2022, 11:25
Қарағанөзектік балалар өлімге бас тігіп жүріп білім алуда

Аңдатпа


  • НӘН-байдың заманы мен зауалы
    20.05.2022, 08:09
  • Амалбек Тшанов: Бұлардың көзқұрты – колледжің жері
    20.05.2022, 08:01
  • Келесте 14 мал ұрлығына қатысы бар топ ұсталды
    23.05.2022, 10:30
  • Мусин міз бақпайды
    19.05.2022, 08:52
  • Сор болған стрестік активтер
    19.05.2022, 08:56