29.09.2020, 07:37
268
Шымкенттің қоғамдық көліктеріне электрондық билет жүйесін енгізіп жатқан «QazSmartTrans» ЖШС басшысы Сержан Ақылбаевтың айтуынша, көлік картасының бағасы 500 теңге тұрады. Жолаушылар көлік картасымен, SMS, QR-код, смартфонды (NFC) қолдана отырып, жол жүру ақысын төлей алады. Төлем карталары қалада 3000-нан астам орында, дүкенде сатылады. Картаны банктердің банкоматтары арқылы, мобильді қосымшалар арқылы толтыруға болады.
«QazSmartTrans» ЖШС-гі тарапынан 14 мың көлік карта Ұлы Отан Соғысы ардагерлері мен мүгедектеріне, тыл еңбеккерлеріне (Ерен еңбегі үшін медалімен марапатталғандар) Батыр ана, Алтын алқа, Күміс алқа төс белгілерімен марапатталғандарға және І — топтағы көру қабілеті нашар зағип жандарға тегін таратылады.
Бүгінде смартфон пайдаланушыларына арналған «Open Shymkent» мобильдік қосымша әзірленді. Тұрғындарға тиісті мәлімет беру үшін 4 операторы бар CALL-орталығы ашылды.
Айта кетері, карталарға арналған стационарлық валидарторлар 350-ден астам автобусқа орнатылды. 30 қыркүйекке дейін барлық автобустарға қойылады. Жалпы 15 қазаннан бастап электрондық төлем жүйесі енгізіледі. 1 қарашаға дейін жолаушылар төлем картасы және қолма қол төлеуге мүмкіндігі бар. 1 қарашадан бастап, карта арқылы -70 теңге, қолма қол төлеу -100 теңге болады.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР