25.01.2021, 09:28
1750
«АрселорМиттал Теміртаудың» еншілес компаниясы "Құрылысмет" ЖШС-да ұсталық-престеу цехында шатыр опырылды.
Теміртау ТЖБ мәліметінше, 23 қаңтарда түстен кейін № 11 жылыту пешінің үстінде жалпы ауданы 72 шаршы метр болатын екі жабын плита опырылған. Апат демалыс күні болғандықтан ешкім зардап шеккен жоқ. № 11 жылыту пешінің қосалқы алаңы мен инженерлік конструкциясы зақымданған.
Еске салайық, бұдан бұрын да 2018 жылғы 26 наурызда «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Тұрғын үй эксплуатациялық қызметі ПВС-да үшінші және төртінші қазандардың арасында 32 жабын плита опырылған. Бір адам зардап шекті.
2018 жылғы 23 сәуірде АМТ аглоөндірісінің бөлшектеу-сұрыптау фабрикасының № 4 қоймасында 2500 шаршы метр алаңда шифер шатыры опырылған. Зардап шеккендер жоқ.
2019 жылдың 23 сәуірінде бірінші конвертерде тарсыл болды. Цехтың 50 шаршы метрден астам шатыры +42 метр белгісінде деформацияланды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР