Төтенше жағдайға жол берілмеуде

Ерзия ЕРСҰҢҚАР

14.03.2022, 22:12

938

Көктем мезгілі төтеншелік мамандар үшін ең қарбалас кезең. Еліміздің шығысы қар көшкінінің алдын алуға тырысып жатса, солтүстіктегі төтеншелік мамандарымыз еріген қар суымен, оңтүстігіміз  қар аралас жауған жаңбыр суымен алысып жатады. Қазір де қар аралас жаңбыр, еріген қар суы төтеншелік мамандарымызға оңай тимей тұр. Барлық өңірдегі төтеншелік мамандарымыз қарбалас, қызу жұмыс үстінде.

Мәселен кеше ғана «Қазселденқорғау» ШҚ филиалының және ШҚО ТЖД мамандары қар көшкінінің өздігінен түсуіне жол бермеу мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізді. Осы облыстағы үш учаскеден көлемі 2470 текше метр жиналған қар тасталды. Қазселденқорғау ШҚ филиалының басшысы Омар Дүзгімбаев «Біздің бақылаушы-мамандар күн сайын көшкін жағдайына мониторинг жүргізеді.  Қар өлшеу рейклері арқылы қардың мөлшері және оны қаншалықты тастау қажеттілігін анықтайды. Жақында аймағымызда нағыз көктем белгілері біліне бастайды. Сондай кезеңде  өз салмағымен беткейлерден оңай кететін көшкін ең қауіпті саналады. Соның алдын алу мақсатында осындай жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Жалпы азаматтарымыздан дауылды ескертулерге құлақ асуды және егер көшкін қаупі жарияланса, тауға барудан бас тартуды өтінеміз. Табиғаттың мінезін болжап болу мүмкін емес. Сондықтан халық төтенше жағдайдан барынша сақ болса екен. Қар көшкініне тап болған жағдайда әлдененің артына тығылып, ең бастысы басты қорғап, мүмкіндігінше киім арқылы дем алып,  көшкінге тап болған жағдайда  жүзу қозғалысын жасап, қар астында қалған жағдайда тізеңізді өзіңіздің бауырыңызға қарай жинап ұстау секілді қағидаларды ұстанған жөн. Қарапайым көрінгенмен қар көшкіні кезінде мұндай қағидалардың маңызы зор. Сәт сайын төтеншелік мамандардың ескертуіне құлақ асып отыру керек. Көшкін жүрген жағдайда тоқтауын күткен дұрыс. Тауға шығушылар көп жағдайда қар көшкінінен ондай қауіп күтпейді. Бұл дұрыс емес» дейді.

Осы орайда айта кетсек, Шығыс өңірінде қыс басталғалы бері жалпы көлемі 62 370 текше метр болатын 65 рет қар түсіріліпті. Осындай алдын алу жұмыстарын жүргізумен қатар төтеншелік мамандар жолға шығар алдында ауа райын ескеруді, тауға қар түскен кезде бармауды, боран мен дауыл кезінде ешқайда шықпауды өтінеді. Өйткені табиғаттың қатал мінезі қыс айларында құтқарушылардың алдын алуға тырысқанына қарамастан төтенше жағдайлар орын алуы, соңы қайғылы аяқталуы әбден мүмкін.

Павлодардық төтеншелік мамандарымыз да қазір қарбалас үстінде. Ауа райының қолайсыздығына орай аулалар мен автожолдарды су басуда. Павлодар облысына қарасты ТЖД төтенше жағдайды жою басқармасының мамандары еріген қар және жаңбыр суларын сору жұмыстарын жүргізуде. Атап өтсек, барлығы бүгінгі күні 1400 м3 су сорылған. Осы аймақтарда қардың еруі мен жаңбырдың салдарынан жол бойында су жиналып, 45 км-ге, 55-60 км-ге дейін жолды шаю қаупі орын алған. Алайда төтеншелік мамандардың бірлескен жұмысының арқасында бүгінгі күні су деңгейі төмендеп, қауіп сейілген көрінеді. Дегенмен мамандар халыққа сақ болуды ескертуде. «Өйткені қар толығымен еріп, күн жылынып кеткенше қауіп сақталады» дейді.

Тегтер: төтенше жағдай жоспар шара

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 16.05.2022, 17:47
Республикалық референдумға қатысу – азаматтық борыш
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 16.05.2022, 16:50
Қарағандылық шаруалар қауырт қимыл үстінде
Әділ АҚЫЛБАЙ 13.05.2022, 11:45
Отандық спортқа отандық бизнес демеуші
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 12.05.2022, 17:11
Қайырымдылық қоғамға пайдалы
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 12.05.2022, 08:07
Сатылған бақтан бақ тайды ма?..
Сайт әкімшілігі 10.05.2022, 06:43
Қостанайда 11 отбасы баспанасыз қалды

Аңдатпа


  • Мәскеуменен Тәшкеннен көш келеді
    12.05.2022, 08:30
  • Әскердегі әлімжеттік пе, әлде?..
    12.05.2022, 08:12
  • Сатылған бақтан бақ тайды ма?..
    12.05.2022, 08:07
  • Қазақша оқыт балаңды!
    05.05.2022, 05:30
  • "Өгіз мүдде"
    05.05.2022, 05:27