Тулаған өзен, таусылмас өкпе

Ақерке ЖҰМАҒАЗЫҚЫЗЫ

11.02.2021, 15:23

2059

Шағынаудандардың мәселесі анау айтқандай шағын емес. Дер кезінде қимылдай қоймағанның салдарынан, ушыққан дүние одан ары ушығып тұр. «Баяғы жартас – сол жартастан» бір қадам да шетке жылжымай, қаламыздағы кезекті түйткіл туралы сөз қозғамақпыз.

Солқылдақтың мұншалықты сор боларынан бәрі бейхабар еді. Қапшағайдағы қазақшалағанда, Шығыс, жергілікті жалпақ тілдегі Восточный ауданындағы бірнеше үйдің ауласын қаңтар айының ортасында су алған. Бұл жағдай арнайы  құбырлардан ағып өте алмаған кішігірім өзеннің өз арнасынан шығуының әсерінен болған.

Жергілікті әкімдіктен, ең алдымен, Қыз Жібек және М.Мәметова көшелерінің тұрғындары көмек сұрап барған.  Құбырлардың мұз қатып, бекітіліп қалуы дүйім жұрттың мазасын қашырған. «Әне-міне үйімізге су кіріп қала ма?» деген ой да ел есінен шықпағаны заңдылық.

Сол мезетте-ақ аталған жердің арық желісінің жағдайын байқауға комиссия құрылып, ауданды аралады. Зерттеу нәтижесінде, Қапшағай қаласы әкімінің орынбасары М.Жолдахметтің хабарлауынша, жерасты суларының көтеріліп, ауа температурасының тым төмендеуінен құбырлар қатып қалған. Қамыстан тазартылмауына байланысты арықтардың да бекітілгені анықталды.

Тұрғындар дабыл қаққаннан екі күн өткен соң, яғни 5 қаңтар күні қалалық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша құрылған комиссия құбырларды, арықтарды тазарту және өзенді тереңдету жұмыстарын жүргізу қажеттігі туралы шешім шығарды.

Алайда айтылған сөз айтылған жерінде қалып, тиісті мамандар ағаттықтың ақ болуына кірісе қоймаған. Тұрғындардың айтуынша, 12 қаңтар күні кей үйлердің ауласына су жақындай бастаған шақта қуаты аз экскаватор мұзбен күресуге бар күшін салып, біраз әуреге түскен. «Көтере алмайтын шоқпарды беліне байлаған» экскаватордың ісі оңбағасын, құм тиелген «КамАЗ» қол ұшын созуға әрекет еткен. Жұрт жұдырықтай жұмылып,  әлгі әкелінген құммен уақытша бөгет жасағанымен, іс берекелі болмады. Арнасын кеңге жайған өзен дегеніне жетіп, бөгеттің тас-талқанын шығарып, аулаларды су басып тынған. Осы жайттан кейін ғана атақты «МС» компаниясының ауыр техникалары асар жасап, өзен саласын тереңдетіп, құбырлардың мұзын тазартып, өзен жағасына бөгет салған. 18 қаңтарға дейін жалғасқан бұл жұмыстар әлеуметтің әлеуетін бір көтеріп тастады.

М.Жолдахметтің тағы бір ақпарына сүйенсек, қазіргі таңда арық суын бұру жөніндегі инженерлік құрылыс жұмыстарының жобасы әзірленуде екен. Жоспар құрып, соған сәйкес, қимылдың тағы да тасбақаның аяңындай  болмауына кім кепілдік береді? Олқылық бастан асқанымен, уайым кешкен шенділердің қарасы көрінбейді.

Аты қалалық, заты ауылмен пара-пар халықтың табаны тозған, сенімі сейілген. Ішіндегі ашуын жасырмайды, жарыса жазады, жетесіне жеткізеді. «Батыр майданда шынығады» деуші еді, қазір құзыреттілерді сол батырға тели алмай отырмыз. Қан майдан болмағанымен, ақпарат және коммуникация майданында қарсыластарына дес беріп тұр. «Жақсылық көрсе де, жамандық көрсе де өзінен» екені дәлелдеуді қажет етпейтін ұғым. 

Шенділердің бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын әрбір әрекеті халық назарында. Халық айтса, қалт айтпайды. Әр қазақты жалғызына балайтын бауыр ел қатып қалған қағидадан, қағазбастылықтан арылар жауаптыларды көш басынан көргісі келеді.

Тегтер: мәселе түйін түйіткіл

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 09.08.2022, 17:35
Түркістан: АӘК алатын отбасылардың балалары мектеп формасымен қамтамасыз етіледі
Сайт әкімшілігі 08.08.2022, 18:37
Қытайда жаңа вирус шықты
Сайт әкімшілігі 08.08.2022, 13:41
Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан 5 адам қаза тапты
Сайт әкімшілігі 08.08.2022, 09:11
Оралдағы кәсіпкер өлімі: күдіктілерді іздеуге әскерилер тартылды
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 06.08.2022, 09:28
Төтенше жағдай қызметі заманауи талаптарға бейімделіп үлгеруде
Сайт әкімшілігі 04.08.2022, 13:22
Ақтауда полицейді пышақтап кеткен күдікті ұсталды

Аңдатпа


  • Смайыловтың Президентке ұсынған болжамы дөп келе ме?
    09:37
  • «ЭКСПО-2017»: Миллиардттарға салынған мақтаулы нысандар су астында қалды
    09.08.2022, 08:49
  • Ұлттық банк пен Үкімет қымбатшылықты құрықтауға неге қауқарсыз?
    08.08.2022, 08:49
  • Баспана аспандады, азық-түлік шарықтады, үкімет өз жөнімен қалықтап жүр...
    05.08.2022, 09:17
  • АЭС-тің арты жақсы бола ма?!
    04.08.2022, 08:55