20.10.2020, 07:51
339
Шымкентке қалаға көршілес аудандардан қосылған елді мекендердің әлеуметтік мәселелерін шешу бағытында тиісті жұмыстар атқарылуда. Осы мақсатта Абай ауданының әкімі Бұқарбай Парманов тұрғындармен тұрақты кездесулер өткізуде.
Б. Пармановтың айтуынша, ауданда жалпы 24 елді мекен орталықтандырылған ауыз сумен қамтылып отыр. Жыл басында 2 елді мекенге сапалы ауыз су жеткізілген. Биылғы жылы ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстарына жалпы 8,4 млрд. теңге қаржы қаралды. Жыл соңына дейін 4 елді мекеннің ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстары аяқталып, 18 мыңға жуық тұрғынның ауыз суға қолы жетпек.
Қазіргі таңда аудан аумағы бойынша 25 елді мекен мемлекеттік электр жарығымен қамтылып отыр. Қалған 9 елді мекен жекеменшік электр трансформаторларын пайдаланады. 2020 жылы электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша 1 елді мекеннің құрылыс жұмыстарына — 224 млн, 7 елді мекеннің жобалық құжаттарын дайындауға — 118,3 млн. теңге бөлінген.
Ауданда 25 елді мекен табиғи газ жүйесімен қамтылса, қалған 9 елдімекен қатты отынды пайдаланады. Биыл көгілдір отынмен қамтамасыз ету жұмыстарына жалпы 175,2 млн. теңге бөлінді.
Сондай-ақ, аудан аумағында жалпы 195,3 шақырымға ирригация жүйелері орнатылған. 2020 жылы 7 мекенжайға суағар (лоток) жүйелерін орнату жұмыстары толық орындалды. Ауданда жалпы орнатуды қажет ететін ирригация жүйелері 37,5 шақырым құрайды. 2021 жылға 14 шақырымды құрайтын 21 көше мен аулаға ирригация жүйелерін орнату бойынша қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына ұсыныс жолданған.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР