09.10.2020, 09:12
131
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов тұрғындармен арыз-шағым, өтініштері бойынша қабылдау өткізді. Қабылдау карантиндік шектеулерге байланысты онлайн желісіне көшкендіктен, азаматтармен байланыс қолжетімді ресурс WhatsApp видео қоңырауымен жүргізілді.
Бүгінгі таңда жол құрылысы, қоғамдық көліктер мен аялдамалар бағытына бірқатар жаңартулар мен өзгерістер еңгізіліп жатыр. 206 көшеге орташа және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе, 260 жаңа аялдамалар орнатылып, ескі аялдамалар ретке келтіріліп, шет аймақтарға қойылуда. Сондай-ақ, қоғамдық көліктерге электронды ТӨЛЕМ жүйесі енгізіліп, арнайы бағыттар бойынша жаңа жүйе әзірленуде.
Бұл ретте, тұрғындар да белсене ұсыныс-пікірлерін білдіріп, өз мәселелерін қоғамдық қабылдау арқылы жеткізуде.
Солардың бірі, Роза есімді қала тұрғыны. Азаматшаның айтуынша, тұрғылықты мекен-жайына автобустардың қатынамауы тұрғындар үшін үлкен мәселе туындатуда.
Сол секілді жол салу, аялдама орнату, қаладағы кептелістер мен қоғамдық көліктерге қатысты бірнеше сұрақтар талқыланды.
Қала әкімінің орынбасары тұрғындарға мәселенің себеп-салдарын түсіндіріп, алдағы жоспарлы жұмыстармен бөлісті. Уақыт күттірмейтін мәселелер бойынша сала мамандарына тиісті тапсырма берілді.
Сондай-ақ, Мақсұт Пернебайұлы мәселелерін жеткізу үшін кесте бойынша келесі аптаның сәрсенбісін күтпей-ақ, әлеуметтік желіде өзіне, не тиісті басқарманың ресми парақшасына жолдауға болатынын жеткізді.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР