29.09.2020, 06:42
118
Шымкенттің туристік нысандарына қызығушылық күн санап артып келеді. Жуырда шаһарға Өскемен, Қарағанды, Алматы, Нұр-Сұлтаннан БАҚ пен туристік агенттік өкілдері келді. Саяхатты Fly Arystan әуе компаниясының қолдауымен Шымкент қаласының туризм басқармасы ұйымдастырды.
Ақпараттық турда қонақтар қаланың мәдени орындарында болды. Атап айтқанда, Сайрам елдімекеніндегі Ибрагим ата, Қарашаш ана, Хызыр ата кесенелері, Мәртөбе мен Ескі қалашық және этноауылды тамашалады. Екі күнге ұйымдастырылған тур қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховтың қатысуымен өткен конференциямен жалғасты.
– Шымкент – Жібек жолы бойындағы көне қала. Шаһар оңтүстік өңір үшін ірі туристік орталықтың бірі бола алады. Түркістан, Тараз, Ташкент сияқты тарихи қалалардың жанындағы қала туризмнің дамуына үлес қосып келеді,-деді Мақсұт Исахов.
Сондай-ақ шарада Fly Arystan компаниясы мен туризм басқармасы ынтымақтастық меморандумға қол қойды. Мұнан бөлек, конференцияда блогерлер мен журналистер ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР