«Түркістан» индустриалды аймағында 5 жоба жүзеге асады

Сайт әкімшілігі

17.11.2021, 14:29

117

Түркістан қаласының негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемі 200 млрд 542,9 млн теңгені құрады. Бұл өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 84,4 пайызға артқандығын көрсетеді. Бұл туралы брифингте 9 айда атқарылған жұмыстарды қорытындылаған қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков мәлімдеді. 

Сондай-ақ, үдемелi индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында «Өңірлердің кәсіпкерлігін қолдау картасына» құны 11 млрд 106,4 млн теңгені құрайтын 15 жоба енгiзiлген. 

«Өңірдегі өнеркәсіп өнімінің көлемі 13 млрд 567 млн теңгені құрады.  Өнеркәсіп өнімі бойынша қаланың облыс көлеміндегі үлесі 2,9% құрап, облыстағы аудан-қалалар арасында 5 орында тұрақтады. 2021 жылы өнеркәсіп саласында жалпы құны 2 млрд 754 млн теңгені құрайтын 4 жоба іске асырылып, 1 367 жұмыс орны құрылды. Олар: «Turkestan Textile» БК» ЖШС тоқыма жіп өнеркәсібі,  жоба құны 500 млн тенге, 1100 жаңа жұмыс орнымен;  «Euro Blok Production» ЖШС газобетон блоктар зауытының құрылысы, жоба құны 113 млн теңге, 10 жаңа жұмыс орнымен; «Спецстрой» ЖШС, жоба құны 1 млрд 100 млн теңге, 241 жұмыс орнымен; «EKP-Group 878» ЖШС бетон зауытының құрылысы, жоба құны 1 млрд 41 млн теңге, 16 жаңа жұмыс орнымен», — деді Нұрбол Әбдісаттарұлы. 

2022-2025 жылдары «Түркістан» индустриалды аймағында 78 млрд 950 млн теңгеге 5 инвестициялық жоба жүзеге асады. Нәтижесінде 1 433 жұмыс орны құрылады.  

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 17:45
Шиелі ауданында 3297 жаңа жұмыс орны ашылды
Сайт әкімшілігі 16:19
Шиелі ауданында 3297 жаңа жұмыс орны ашылды
Бифат ЕЛТАЕВА 12:21
Ғибраты мол байқау
Сайт әкімшілігі 08:37
Павлодарда лак-бояу өнімдері қоймасында алапат өрт болды
Сайт әкімшілігі 26.11.2021, 13:30
Қарағандыда тағы бір ферроқорытпа зауыты ашылды
Сайт әкімшілігі 26.11.2021, 12:16
Жезқазған ақыны Қарағандыда өткен республикалық айтыста Бас жүлде иегері атанды

Аңдатпа


  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    26.10.2021, 11:14
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30