Түркістан: нәтиже сараланып, міндеттер межеленді

Сайт әкімшілігі

12.10.2021, 15:37

333

Соңғы 3 жылда атқарылған ауқымды жұмыстардың нәтижесінде Түркістан қаласын дамытудың бірінші кезеңі аяқталып, негізгі әлеуметтік инфрақұрылымы қаланды. Осы уақыт ішінде 445 млрд. теңгеге жаңа 257 нысанның құрылысы жүргізілді, оның ішінде 230 млрд.теңгесі жеке инвестициялар есебінен. 123 нысанның құрылысы аяқталды. Жаңа Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың арнайы кешенді жоспары әзірленіп, Үкіметпен бекітілгені белгілі. Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті он бірінші сессиясында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерін орындауы туралы есебі тыңдалды.

«3 жылда жалпы өңірлік өнім көлемі 41%-ға артып, 2,4 трлн.теңгеге жетті. Өнеркәсіп өнім көлемі 18%-ға, ауыл шаруашылығы 34%-ға, инвестиция 2,4 есеге артты. 735,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға тапсырылып, 90%-ға өсімі орын алды. Облыстық бюджеттің көлемі 2 есе ұлғайып, 1,1 трлн. теңгені құрады. Короновирус індетіне байланысты шектеулерге қарамастан ағымдағы жылдың 8 айында облыстың негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің оң өсімі сақталды. Жалпы өңірлік өнім көлемі 552,1 млрд.теңгені немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім 103,9% құрады. Жыл қорытындысымен 2,6 трлн.теңгеге жеткізу жоспарлануда»,-деді облыс әкімі.

Өмірзақ Шөкеев биылғы жылдың 8 айында атқарылған жұмыстар бойынша барлық салаға жеке-жеке тоқталып, қол жеткізген көрсеткіштермен бөлісті. Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібінде 187,7 млрд.теңге өнім өндіріліп, тоқыма бұйымдарының өндірісі – 2,5 есеге, сусындар өндіру – 34,8%, қағаз бұйымдарының өндірісі – 32,6%, тамақ өнімдері – 5,8% өсті. Еңбек өнімділігі жан басына шаққанда 27,5 мың АҚШ долларын құрап, 5,8% артты. 2021 жылы оның деңгейін 106,3% жеткізу жоспарлануда. Уран және металлургия өндіру көлемінің 2,1%-ға артуы есебінен тау-кен өнеркәсібі өнім көлемі 180 млрд.теңгені құрады.

Ауыл шаруашылығында 405,6 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдан 67,5 млрд. теңгеге артқан. Кәсіпкерлік саласы бойынша 143 166 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен 215 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есе өсімді құрап, еліміз бойынша көш бастады.

Өңірдің индустриялдық әлеуетін жақсарту мақсатында 698,2 га аумақта 9 индустриалдық аймақ құрылып, инфрақұрылым тартылған. Индустриалдық аймақтарда жалпы құны 37,1 млрд.теңгені құрайтын, 4 293 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 59 жоба жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда, 37 жоба іске қосылып, 1 572 жұмыс орны ашылды, инвестиция көлемі 27,8 млрд.теңге.

Ағымдағы жылы 683 жұмыс орнымен 6 жобаны іске асыруды жоспарланған (1,9 млрд.теңге).

Бизнес-климатты жақсарту бойынша ірі жобаларды іске асыруға облысқа 321,7 млрд.теңге инвестиция бағытталған, бұл 2020 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 20,2%-ға артық. Сондай-ақ, білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт салаларын және жастар саясатын дамыту жөніндегі іс-шаралар нәтижелі жүзеге асырылуда. Бүгінде облыс бойынша 18,2 млрд.теңгеге 78 мектептің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде, 70 мектеп облыстық бюджет есебінен (16,1 млрд.тг.), 8 мектеп «Ауыл-Ел бесігі» жобасымен (2,1 млрд.тг.). 44 нысанның құрылысы аяқталып, 2 апатты және 1 үш ауысымды мектептің мәселесін шешу жоспарлануда. Жаңа оқу жылында 15 мектеп пайдалануға тапсырылған. Одан бөлек, облыс әкімі Түркістан қаласында 720 орындық Назарбаев Зияткерлік мектебі салынып жатқандығын мәлімдеді.

Облыста жыл басынан мемлекеттік және салалық бағдарламалар шеңберінде 38,8 мың жаңа жұмыс орындары ашылып (тұрақты – 10,5 мың), жұмыссыздық деңгейі төмендеген. Облыс халқын ауыз сумен, электр қуатымен және табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша да жұмыстар тиісті дәрежеде жүргізілген. Сонымен қоса, тұрғын үй, автомобиль жолдары құрылысы және экономиканың өзге де салаларын дамыту бойынша нәтижелі жұмыстар атқарылған.

Бүгінгі күннің негізгі мәселесіне айналып отырған короновирустық инфекцияға қарсы атқарылып жатқан жұмыстар туралы да облыс әкімі мәлімет бере отырып, бүгінгі таңда Түркістан облысы жасыл аймақта тұрғандығын атап өтті. Өз кезегінде, облыс әкімінің есебіне мәслихат депутаттары жоғары баға беріп, алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Жалпы, сессия жұмысында мәслихат депутаттары 17 мәселені қарап, тиісті шешімдер қабылдады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Расул ЖҰМАЛЫ 16:47
Азамат!
Сайт әкімшілігі 12:01
Арықта ұйықтап қалған бала отбасына оралды
Сайт әкімшілігі 11:58
Алты адам қаза тапқан жол апатының себептері анықталып жатыр
Сайт әкімшілігі 20.10.2021, 19:38
Жалпақ жұртқа аты мәлім Жақаев
Бақыт ТІЛЕГЕН 20.10.2021, 18:42
Ерікті болу еріккеннің ісі емес
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 19.10.2021, 16:02
Жазықты сытылып кетсе, жазықсыз соттала ма

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31