. Түркістан табиғи өсім бойынша көш басында

Сайт әкімшілігі

23.04.2021, 12:31

396

Түркістан облысында халықтың табиғи өсім бойынша елімізде көш бастап тұр. Жыл басынан бері өңірде бала туу көрсеткіші 6,5 пайызға өскен. Ал,  сәбилер өлімі  27,7 пайызға азайған. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық басқармасының кеңейтілген алқа отырысында мәлім болды. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Арман Сәбитовтың төрағалығымен өткен отырыста саланың жыл басынан бергі жұмыс нәтижелері туралы  облыстық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов баяндады.

Түркістан облысы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, былтыр өңірдің денсаулық сақтау саласына 13,7 млрд. теңге бағытталды. Басқарма басшысының айтуынша, бірінші кезекте ана мен бала, жансақтау, ота жасау және жедел жәрдем қызметін күшейтуге мақсат қойылған. Медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жабдықтау мақсатында 2,5 млрд. теңгеге  205 дана медициналық техника сатып алынып, жабдықтау 79.2 пайызды көрсетті. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы 9 фельдшерлік амбулаторияның құрылысы жүргізіліп, оның 5-уі пайдалануға берілсе, биыл төртеуі ашылады.

Сонымен қатар, жедел медициналық көмек қызметі 122 бірлік автокөлік сатып алу арқылы күшейтілді, бұл көліктер жедел жәрдем паркін жаңартуға мүмкіндік берді. Аймақта дәрігерлердің біліктілігін арттыруға үздіксіз ерекше көңіл бөлініп келеді. Жалпы 2000 медицина қызметкері біліктілігін жоғарылатты. Облыс әкімінің орынбасары Арман Сәбитов COVID-19 індетіне қарсы вакцинация мәселесіне тоқталды. Вакцинаның жетіспеушілігі байқалмауы тиістігін ескертіп, осыған байланысты облыстың бас дәрігеріне нақты тапсырмалар берді.

Жалпы елімізде вакцина алу бойынша Түркістан облысы Алматы, Қарағанды облыстарынан кейін үшінші орында тұр. Өңірде екпе салатын 80 пункт ұйымдастырылған. 43 мыңнан астам адам қатерлі індетке қарсы екпені  қабылдады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:49
Сенаторлар ауылдарды аралап жүр
Сайт әкімшілігі 10:44
Несібесін «Еңбектен» тапқан кәсіпкер
Миуа БАЙНАЗАРОВА 13.05.2021, 18:17
Қамбаштан бақ тайды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 13.05.2021, 15:49
Сұлулық қуғандар жер сипап қалды
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 13.05.2021, 14:40
Бордақы малдан жем қымбат
Сайт әкімшілігі 13.05.2021, 10:46
"Hayat-vax" вакцинасы Түркістанға жеткізілді

Аңдатпа


  • Қор болған Қазақстан
    11.05.2021, 11:12
  • Сүйегі табылған қазақ сарбазының жақындары іздестірілуде
    07.05.2021, 09:09
  • Марат ТОҚАШБАЕВ: Саясаттағы тоқырау экономикалық тоқырауға соқтырды
    06.05.2021, 09:21
  • Жалақорға жауап
    06.05.2021, 09:09
  • «Олар ұлт сатқындары!»
    29.04.2021, 09:06