Түркістанда «Pfizer» вакцинасын жеті мың адам қабылдады

Сайт әкімшілігі

23.11.2021, 20:56

33

Түркістанда оқушыларға, жүкті және лактация кезеңіндегі әйелдерге коронавирусқа қарсы «Pfizer» вакцинасы салынып жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Дәрігерлер жасөспірімдерді медициналық тексеруден өткізіп, қарсы көрсетілімдері болмаған жағдайда екпе егуде. Қазіргі уақытта облыс бойынша «Pfizer» вакцинасын қабылдағандар саны – 7231 құрайды. Оның ішінде 5513-і жасөспірімдер болса, 1222 жүкті және лактация кезіндегі 496 әйел «Pfizer» екпесін алды.

Мекемелерде профилактикалық жұмыстарды жүргізу үшін барлық жағдай жасалған. Екпе егетін медицина мамандары арнайы оқытудан өткен.

«Pfizer» екпесі 12-ден 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге, жүкті әйелдер мен лактация кезеңіндегі әйелдерге ерікті түрде салынады. Яғни, профилактикалық екпе азаматтардың өз келісімімен ғана жүргізіледі. Ал жасөспірімдерді вакцинациялау тек ата-анасының немесе заңды өкілінің келісімімен жүзеге асады.

Айта кетейік, Түркістан облысына «Pfizer» вакцинасының 17550 дана мөлшеріндегі екінші партиясы жеткізілген. Өңірде сонымен бірге  COVID-19-ға қарсы ревакцинациялау шаралары да белсенді түрде жүргізілуде. Ол бірінші кезекте халықтың осал топтары – медицина қызметкерлері, мұғалімдер, медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметкерлері мен контингенті, жабық балалар мекемелері, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне салынады. Ревакцинация екі кезеңде өтеді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 16:19
Шиелі ауданында 3297 жаңа жұмыс орны ашылды
Бифат ЕЛТАЕВА 12:21
Ғибраты мол байқау
Сайт әкімшілігі 08:37
Павлодарда лак-бояу өнімдері қоймасында алапат өрт болды
Сайт әкімшілігі 26.11.2021, 13:30
Қарағандыда тағы бір ферроқорытпа зауыты ашылды
Сайт әкімшілігі 26.11.2021, 12:16
Жезқазған ақыны Қарағандыда өткен республикалық айтыста Бас жүлде иегері атанды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 26.11.2021, 09:15
Қара алтынның үстінде отырған Қарағандыда көмір қымбат

Аңдатпа


  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    26.10.2021, 11:14
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30