Түркістанға келушілер 1,2 миллионнан асты

Сайт әкімшілігі

08.11.2021, 13:18

59

2021 жылдың 9 ай қорытындысы бойынша Түркістан қаласына келушілер саны 1 247 265 адамды құрап, 2020 жылға қарағанда 5,5 есе өскен.

Ал ағымдағы жылдың 6 айында Түркістан облысында орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер саны 95 587 адамды құрады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Туризм басқармасының бөлім басшысы Нұрдәулет Медеуов мәлімдеді.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда 2021 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Түркістан облысында 8 туристік нысан пайдалануға берілген. 2021 жылдың I жарты жылдығының қорытындысымен орналастыру орындарымен көрсетілген қызмет көлемі 1 млрд 787 млн 125,3 мың теңгені құраған.

Айта кетері, өткен қазан айында  Түркістан облысының Туризм басқармасы мен «Turkıstan Tourısm Center» ақпараттық орталығының ұйымдастыруымен Түркияның Ыстанбұл қаласында “ROAD SHOW ISTANBUL “WELCOME TO TURKISTAN-2021” өткізілген іс-шарасы өз мәресіне жетті.

«Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы» аталуына және Ыстанбұл қаласымен іскерлік байланыстарды кеңейту, екі елдің туристік индустриясы арасындағы екі жақты ынтымақтастықты арттыру және «Заманауи Жібек жолы» жобасын таныстыру мен екі ел арасында туристік өнімдерді насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.

Аталған ісшараға, Түркі тілдес елдерінің кеңесінің өкілі, Tүркияның туристік агенттіктер қауымдастығының (TURSAB) өкілі, қазақ консулдігі, Түркияның туризм саласындағы туроператорлар және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары қатысты

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 17:45
Шиелі ауданында 3297 жаңа жұмыс орны ашылды
Сайт әкімшілігі 16:19
Шиелі ауданында 3297 жаңа жұмыс орны ашылды
Бифат ЕЛТАЕВА 12:21
Ғибраты мол байқау
Сайт әкімшілігі 08:37
Павлодарда лак-бояу өнімдері қоймасында алапат өрт болды
Сайт әкімшілігі 26.11.2021, 13:30
Қарағандыда тағы бір ферроқорытпа зауыты ашылды
Сайт әкімшілігі 26.11.2021, 12:16
Жезқазған ақыны Қарағандыда өткен республикалық айтыста Бас жүлде иегері атанды

Аңдатпа


  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    26.10.2021, 11:14
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30