Ұрылар малды мылтықпен атып алған

Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ

10.12.2021, 08:11

1790

Түркістан облысының полицейлері мал ұрлығымен айналысып, тұрғындарға 18 000 000 теңге шығын келтірген 2 ұйымдасқан қылмыстық топты құрықтады.

Түркістан облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлерімен мал ұрлықтарын ашу мен болдырмау мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Осындай кезекті жедел іздестіру шаралары кезінде Ордабасы мен Арыс ауданында мал ұрлықтарын жасаған 2  ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды.

«Біз тәжірибемізге сүйене отырып, ұрылардың ізіне түсу мақсатында жедел және жоспарланған әрекеттерді жүзеге асырдық. Мал жайылымдарына шығып, тиянақты тексерулерді ұйымдастырдық. Нәтижесінде Ордабасы ауданынан мал ұрлығымен айналысқан 5 күдікті, яғни қылмысты ұйымдастырушы мен сыбайластарын ұстадық. Күдіктілердің бірі бұрын дәл осындай мал ұрлығы қылмысы бойынша сотты болған Шымкент қаласының тұрғыны. Ал қалғандары бір-біріне туыс болып келетін Ордабасы ауданының азаматтары. Бүгінгі күнге дейін күдіктілер жалпы сомасы 10 миллион 400 мың теңге болатын 26 бас жылқыны жымқырған. Олар өздерінің рөлдерін бөліп алып, алдын ала жоспарлы түрде ұрлаған жылқыларын сойып, еттерін базарға алып барып өткізген. Қылмыстық топ мүшелерінен малды артып әкетіп жүрген «Газель» маркалы көлігі мен 2 жылқы айғақты зат ретінде тәркіленді. Қазіргі таңда күдіктілер қамауда. Оларға қатысты  Қылмыстық кодекстің 188-1-бабы «мал ұрлығы» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жылқылардың еттерін сатып алып отырған сатушы әйел де ұсталды. Сонымен қатар дәл осыған ұқсас мал ұрлығын ұйымдастырған тағы бір ұйымдасқан қылмыстық топ Арыс ауданында қолға түсті», — деді брифингте Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Құрманбек Сахов.

Қылмыстық топтың ұйымдастарушысы өзінің 2 сыбайласымен бірге жайылымға барып, діттеген жылқысын қарумен атып алып, санаулы минуттар ішінде малды сойып, етін «БМВ» маркалы көліктеріне артып алып кеткен. Етті сатып жіберген.

-Тексеру кезінде ұсталған 3 күдікті бұрын осындай қылмысы үшін сотты болған азаматтар. Олар Шымкент қаласының тұрғындары. Күдіктілерден жылқылардың еттерін сатып алған 2 азамат та қолға түсті. Олардың бірі Шымкент, екіншісі Сайрам ауданының жергілікті тұрғындары. Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері жалпы 19 бас жылқыны жымқырып, 7 миллион 600 мың теңгеге шығын келтірген. Аталған топ мүшелерінен «БМВ» маркалы жеңіл көлік пен 16 калибрлі аңшы мылтығы тәркіленіп алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда, — деді Құрманбек Сахов.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Арайлым ЕРКЕБАЕВА 09:05
Діннен тірек таба алмай адасқандарға ақпараттық түсіндіру тобы көмекке келуде
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 10:21
Қарағанды облысында жол-көлік апаты салдарынан үш адам қаза тапты
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 08:51
ШҚО-да қарттар үйінің лауазымды тұлғалары 7,4 млн теңге жымқырған
Бифат ЕЛТАЕВА 11.08.2022, 16:56
Жас таланттарды анықтайтын жоба
Сайт әкімшілігі 11.08.2022, 15:06
Қостанайда балабақша тәрбиешісі үш жасар бүлдіршіннің сүйегін сындырған – министрлік
Сайт әкімшілігі 11.08.2022, 10:22
Қазақстанның бірқатар өңірінде бейсенбі күні бұршақ аралас жаңбыр күтіледі

Аңдатпа


  • "Төбесі құлап жатыр". Талғарда 3 миллиард теңгеге салынған мектеп төңірегінде дау туды
    08:58
  • Қасақана өртеді: Тараздағы әскери бөлімдегі жарылысқа қатысты тың дерек шықты
    12.08.2022, 08:47
  • «Үйдің жыртығын жамау мүмкін емес»: Елордада 50 жыл болған жатақхана құлағалы тұр
    11.08.2022, 09:04
  • Смайыловтың Президентке ұсынған болжамы дөп келе ме?
    10.08.2022, 09:37
  • «ЭКСПО-2017»: Миллиардттарға салынған мақтаулы нысандар су астында қалды
    09.08.2022, 08:49