Үржардағы құрылыс қарқынды

Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ

10.09.2020, 10:47

974

Үржар ауданында көпбалалы отбасыларға және халықтың әлеуметтік осал топтарын баспанамен қамту жайы дұрыс жолға қойыла бастады. Осы мақсатта пәтерлер сатып алу үшін  жеке құрылыс салушылардың қаражаты есебінен бір қабатты, екі пәтерлі 20 тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Салынатын тұрғын үйдің құны шаршы метріне 140-160 мың теңге аралығында. Ал бір пәтердің ауданы 120 шаршы метр шамасында болмақ.

Мұндай ел игілігіне пайдасы зор құрылысты жүргізуге «Ярус» ЖШС 14  үй, «СантехМонтаж-А.Б.» ЖШС үш үй,  «Үржар ПМК-1» ЖШС үш үй салуға ынта білдіріп отыр. Құрылыс нысандары жергілікті әкімдік ұсынған жер теліміне салынбақшы. Құрылысқа бөлінген барлық жер телімі бес гектар болса, екі пәтерлі тұрғын үйдің әрқайсысына 0,2 гектар жер телімінен келеді. Аудан әкімі Н.Тоқсейітовтің бастамасымен шілде айында қадасы қағылған баспана салу жұмыстарын ағымды жылдың 30 қарашасында аяқтау межеленіп отыр.

     Ал «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында іске асырылып жатқан  Мақаншы ауылындағы спорт модулін салу алғаш рет қолға алынып отыр. Шекара шебіндегі ауыл жастары үшін бұл нысанның маңызы зор. Үстіміздегі жылдың шілде айында спорт модулінің құрылысына кіріскенМТС «Төлеген» ЖШС жұмысты биылғы қараша айында аяқтауды жоспарлап отыр. Серіктестік басшысы Дамир Бақытжанұлының айтуынша, құрылысты қолға алу арқылы жергілікті азаматтар да жұмыспен қамтылған.

  – Құжаттамада алты ай көрсетілгенімен, біз оны үш ай ішінде аяқтасақ деп отырмыз. Пайдалануға берген соң, бұл нысанда аудандық, аймақтық деңгейде спорт жарыстарын өткізуге болады. Теннис корты, футбол алаңы, тағы да басқа спорттық маңызы бар қажеттіліктер осы модульдің құрамына енеді. Орындары нақтыланған. Республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген қаражатқа сәйкес, Үржар ауданы әкімдігінен тапсырыс негізінде салып жатырмыз, – дейді Д.Бақытжанұлы.

    Жалпы, Үржар ауданында жол салу, орталық көшелерді асфальттау, кеңейту, баспана құрылысы қарқынды жүріп жатқанын атап айтқан артық болмас.

   – Мақаншы ауылындағы спорт модулі құрылысының барысы менің күнделікті бақылауымда. Бұған дейін құрылысты жүргізіп жатқан мердігер компанияға бірқатар ескертулер айтылған болатын. Жіберілген кемшіліктер түзетіліп, жұмыс біршама жанданды. Құрылыс нысанының сапалы және жұмыс кестесіне сәйкес жүргізілу қажеттігін қатаң ескерттім, – дейді аудан әкімі Нұржан Тоқсейітов.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 28.09.2020, 14:55
Шымкенттік жас ғалым ғаламат технология ойлап тапты
Сайт әкімшілігі 28.09.2020, 14:44
Кавасакимен ауырған бала жоқ
Сайт әкімшілігі 28.09.2020, 14:37
Қоқыс мәселесі шешімін табуда
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 28.09.2020, 14:28
Қарағандыда тағы да төрт елді мекенде құс тұмауы бар деген жормал жасалды
Сайт әкімшілігі 28.09.2020, 09:57
Павлодар облысында 9 оқушыдан коронавирус анықталды
Сайт әкімшілігі 27.09.2020, 15:39
Шымкенттің ирригация жүйелері жаңаруда

Аңдатпа


  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16
  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43