Ұшқыштар жаттығу сабақтарын өткізуде

Сайт әкімшілігі

20.08.2020, 16:54

14

Шымкентте әуеде ұшқан тікұшақтарға қатысты əртүрлі алып-қашпа əңгіме бар. Тұрғындар тікұшақтар «вирус сеуіп жүр» деп қауіптенуде. Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі осыған қатысты түсінік берді.

— Мұндай ақпарат  қисынға келмейді. Жалған ақпарат. Қалада түнгі уақытта да, күндізгі уақытта да аптасына үш рет өткізілетін тұрақты ұшулар бұл — Шымкент авиациялық базасының әскери авиациясы ұшқыштарының оқу-жаттығуы. Яғни, əскери авиация топтық ұшуларды пысықтауға кірісті. Пысықтау барысында пилотаждық аймақтардағы Ми-35М және Ми-171Ш тікұшақтарының экипаждары жұптар мен буындар құрамында топтық ұшу элементтерін жүргізуде. Ұшқыштар 50-ден 1000 метрге дейінгі кіші және өте кіші биіктіктерде сүңгу және төбешіктер сияқты күрделі пилотаж элементтерін орындауда. Дәрістер барысында топтарға жинау, қайта құру және топтан тарау кезінде өзара әрекеттесуді жақсартады. Оқу-жаттығуда әуе ұрысын жүргізу жағдайында экипаждардың жұмысына ерекше көңіл бөлінеді.Топтық ұшулардың күрделілігі ең алдымен тікұшақтар арасындағы белгілі бір аралықтар мен қашықтықты ұстап тұрудан тұрады. Топ құрамында жетекші немесе алдыңғы борттарға қатысты жетекші экипаж 50 метр аралықты, рұқсат етілген 3-5 метр биіктікте 70 метр қашықтықты ұстап тұруы керек. Бұрын мұндай ұшуды орындамаған жас ұшқыш жетекші курсты ұстап тұруға және сонымен бірге борттың маневр жасауының тегістігін бақылауға тырысуы керек.

Айта кетейік, ұшу кезінде күрделі ұшу элементтері елді мекендердің үстінде немесе жақын аудандарда орындалмайды. Бұл ережелер қауіпсіздік шараларымен байланысты. Аталған оқу-жаттығулары жауынгерлік әзірлікті қолдауға, әскери авиация ұшқыштарының кәсіби деңгейін арттыруға және ұшу дағдыларын жетілдіруге бағытталған,-делінген әскерилердің таратқан ақпаратында.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұр-Қасым ЖОМАРТ 22.09.2020, 10:50
Суы мен жолы, мектебі мен емханасы жоқ Сабалақ
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 22.09.2020, 10:44
«Ең үздік жоба» жемқорлықты ауыздықтай алмады
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 22.09.2020, 10:41
Тоқаевтың тапсырмасы неге орындалмады?
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 22.09.2020, 10:25
Арызын билікке жеткізе алмаған
Мариям МАҚСАТ 22.09.2020, 09:53
Келмеске кеткен «Кутузовты» көксегені несі?
Сайт әкімшілігі 21.09.2020, 17:48
Күшті дауыл мектептің шатырын жұлып әкетті

Аңдатпа


  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27