Ұстаздардың еңбегі лайықты бағалануы тиіс

Сайт әкімшілігі

27.08.2020, 14:33

243

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов шәкірт жолында талмай еңбек еткен және білім саласына үлесін қосып жүрген бірқатар мұғалімдерді марапаттады. Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу – аса жауапты әрі күрделі міндет екенін айтқан қала басшысы әрбір ұстаз құрмет пен мемлекеттік наградаға лайықты екенін жеткізді.

«Ұстаз деген сөз қаншалықты қысқа болғанымен арқалаған жүгі өте ауыр. Ұрпақты тәрбиелеу мен білім беруде ұстаздардың еңбегі зор. Сондықтан да мәртебелі мамандық иелерінің қызметін өлшеусіз дер едім. Болашаққа жол сілтейтін мұғалімнің еңбегін лайықты бағалау – өте маңызды міндет»,-деді қала әкімі.

Бұл күні салтанатты жағдайда Білім және ғылым министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен — №52 мектеп-лицейінің математика пәнінің мұғалімі, ардагер Самсабек Болатбеков марапатталды. Ал, «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен №38 мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімі А.Абдалиева, №47 Т.Тәжібаев атындағы мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Г.Айнабек, №1 лицей-интернатының география пәні мұғалімі Г.Арыстанова, №2 мектеп-интернаты директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Н.Қарымбаева, №54 мектебінің директоры У.Мамешова «Жол-көлік» колледжінің арнайы пән оқытушысы Ф.Тұрғымбаева алды.

Бұдан бөлек, №90 дарынды балаларға арналған  мамандандырылған мектеп-гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі К.Есенбекова, № 46 мектеп-лицейі директорының оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Б.Жуманова, №7 IT-мектеп-лицейінің математика пәнінің мұғалімі З.Сарсенова, №8  мамандандырылған гимназиясының директоры А.Сахова, №1 мамандырылған IT лицей-интернатының география пәнінің мұғалімі Л.Шильмирзаева мен Политехникалық колледжінің оқытушысы М.Арынбаев Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ыбырай Алтынсарин»төсбелгісімен награтталды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Беделхан ЖАНПЕЙІС 15.05.2021, 13:22
Күріш қажет пе?
Гүлжан СЕРІКҚЫЗЫ 15.05.2021, 13:12
Кентау қаласының аулалары қашан қалыпқа келмек?
Сайт әкімшілігі 15.05.2021, 10:07
Мамай мен Иманбайдың өкілдері дәлелдемелер іздеуді енді ғана бастады
Сайт әкімшілігі 14.05.2021, 10:49
Сенаторлар ауылдарды аралап жүр
Сайт әкімшілігі 14.05.2021, 10:44
Несібесін «Еңбектен» тапқан кәсіпкер
Миуа БАЙНАЗАРОВА 13.05.2021, 18:17
Қамбаштан бақ тайды

Аңдатпа


  • Оспан батыр
    15.05.2021, 13:02
  • Қор болған Қазақстан
    11.05.2021, 11:12
  • Сүйегі табылған қазақ сарбазының жақындары іздестірілуде
    07.05.2021, 09:09
  • Марат ТОҚАШБАЕВ: Саясаттағы тоқырау экономикалық тоқырауға соқтырды
    06.05.2021, 09:21
  • Жалақорға жауап
    06.05.2021, 09:09