Вице-министр шымкенттік дәрігерлерге алғыс айтты

Сайт әкімшілігі

25.08.2020, 11:42

158

Шымкент қаласына іссапармен Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният және Парламент Сенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова келді. Қонақтар қала әкімі Мұрат Әйтеновпен кездесіп, қаладағы эпидемиологиялық ахуал жайында сөйлесті.

Сондай-ақ, олар Шымкент қаласы әкімдігінде Мұрат Әйтеновтің тапсырмасымен құрылған коронавирусқа қарсы күрес бойынша арнайы ситиуациялық штабтың жұмысымен танысты. Қала басшысы онда жұқпалы дертпен күресте әкімдік тарапынан атқарған жұмыстар жайлы айтып, болашаққа жасалған жоспарларымен бөлісті. Ал Ажар Ғинаят күзгі және қысқы маусымдық инфекциялық аурулардың өршуіне жол бермеу, карантиндік шектеулердің алынуы кезіндегі жұмыстарды жүйелеу жөнінде сөз қозғады.

«Егер, күзде індеттің екінші толқыны басталар болса, қаладағы барлық медициналық мекемелердің резервінде төсек-орындар мен 2 айлық дәрілік заттар қоры бар. Одан өзге, эпидемиолог дәрігерлердің біліктілігін арттыру мақсатында арнайы семинарлар ұйымдастырылып, дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр» — деді қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Тимирхан Варзилов.

Сонымен қатар, Ажар Ғиният дәрігерлермен онлайн байланысып, пікірлерін тыңдап, жұқпалы індетпен күресте ерлік танытқан әріптестеріне алғыс айтты.

«Шымкент қаласында инфекцияның таралу деңгейі төмендегенін көрдім. Бұл індет тек елімізге ғана емес, әлемге төнген қауіп болды. Осы тұста аянбай еңбек етіп жатқан баршаңызға министрлік атынан алғысымды білдіремін» — деп атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 04.08.2021, 16:32
Алматы облысында демалыс күндері локдаун жарияланады
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 04.08.2021, 12:03
Қараусыз қалған аулалар, қоқыс басқан Қарағанды
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 04.08.2021, 08:58
Ермекбаев айтқан «диверсия» дәлелденді ме?
Заңғар КЕРІМ,арнайы «Жас Алаш» үшін Токиодан 03.08.2021, 14:32
Грек-рим шеберлері сенімді ақтамады
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 03.08.2021, 12:12
Басты мақсат – сот жүйесіне халықтың сенімін арттыру
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 13:15
Дәрігерлер тұрғындарға үндеу жасады

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58