Жайықтың жайсаңдары жасай бергей...

Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ

27.09.2021, 12:46

731

Сағындым сені, Жайық, алма бақты,

Өткізгем өз бойыңда жастық шақты.

Сүюші ем төңкерілген толқыныңды,

Сылқылдап соғып жатқан жарқабақты.

Жұбандай жыр алыбы осылайша жырға қосқан қасиетті Ақжайық өңірінің ұландары өткен аптада ел-жұрттың еңсесін биікке көтерген екі бірдей ірі шараны абыроймен өткізді. Әуелгісі атақты жыршы, термеші, халықаралық байқаулардың лауреаты, Қазастан Республикасының мәдениет қайраткері Көшерғали Макаровтың туғанына 70 жыл толуына орай «Сөз сөйлеймін бөлмелеп» атты жыршы-термешілер байқауы еді. Заманында өз бағасын толыққанды ала алмаған өнер саңлағының әруағы алдында ұрпақтарының бір парызы өтелді.

Байқаудың бас жүлдесін жеңіп алған  индерлік Еркінғали Әубәкіровті аудан әкімі Қалияр Айтмұхамбетов марапаттады. Бірінші орын бейнеулік Сәрсенбай Рахманбердиевке, екінші орын ақтаулық Жақсыбек Барлыбаевқа, үшінші орын тасқалалық Нұрдәулет Мақсотовқа берілді. Дипломант атағына жерлестеріміз Дәурен Ораш пен Ақмарал Таудаева, түркістандық Сәкен Бегманов және ақтөбелік Самал Медеубаева қол жеткізді.    Белгілі жыршы туралы тебіренісін белгілі жорналшы Есенжол Қыстаубаев былайша жеткізген екен: «Мен Көшақаңды «Тәте» деуші едім… Үзеңгі жолдас өз алдына, тебінгіні теріден әрмен жидітіп талай жортып едік...

Сөйткен, «Тәтемнің» осы кереметіне, Ақжайық азаматтары күні бұрын шақырса да, бітпейтін, күйіп бара жатқан шаруаның зардабынан бара алмай, бармақ тістеп отырмын...

Шіркін, көздерді мөлдіретіп, жүректерді дірілдетіп, талай ән салған «құпиялау» сәттеріңді ғана еске алып, ана жақта да жаның пейіштің төрінде шалқысын дегеннен басқа амал жоқ...». Есақаңнан асырып айта алмасымыз тағы анық! Бір кем дүние... Ақжайық төсін дүбірге толтырған екінші ірі шара — ұлттық ойындар мен ат спорты түрлерінен ашық турнир. Бұл турнирдің бір құндылығы – осы жарыс кезінде халық ауданнан шыққан спорт саңлақтарын құрметпен еске алды.

Турнирдің ашылуына облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов арнайы келді. Рух көтеретін, жігер беретін сөз айтты. Жарыстың өзі аударыспақ, көкпар, жамбы ату, теңге ілу, асық ату, тай жарысы, тазы жарысы, қазақ күресі, арқан тарту секілді ұлттық спорттың 9 түрінен ұйымдастырылды.  Үш күнге созылған доданың бүкіл жеңімпаз-жүлдегерлерін түгел тізбектеп шығу оңай емес, әрі оны мақсат тұтпадық.

Айтқымыз келгені, қатысқанның бәрінің қанжығасы майланып кетті. Ең бастысы, дерт діңкелеткен қауымның қабағындағы кірбің сәл де болса сейіліп, қиындықты ұмытып, қажығаны басылып, үлкен-кіші мәре-сәре күй кешті. Рух көтерер дәл осындай шараларды жоғары деңгейде өткізген Жайықтың жайсаңдары жасай бергей!

Тегтер: тарих тағылым рухани жаңғыру естелік

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 12:14
Орал тұрғындары үйді бұзуға қарсы наразылыққа шықты
Сайт әкімшілігі 15.10.2021, 17:20
Жаңа заң жобасы қабылданды
М.СӘУЛЕБЕК 15.10.2021, 12:19
Үлкен жолайрық – үлкен қалаларға тән құбылыс
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 15.10.2021, 08:25
«Мұнайдың үстінде отырып мұнайға жарымаймыз»
Еңлік АРЫҚБАЙ 15.10.2021, 08:23
Мектеп құлап жатыр: рас па?
Сайт әкімшілігі 14.10.2021, 12:01
«Атамекен-Түркістан» микро қаржы ұйымы алғашқы жобаны қаржыландырды

Аңдатпа


  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29