Жалғызілікті жандар қамқорсыз қалмауы керек

Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ

01.02.2021, 13:45

1597

Лид: Қоғамда көмекке мұқтаж, мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмысты жүйелі жүргізуде әлеуметтік сала қызметкерлерінің рөлі зор

Соңғы жылдары республикада әлеуметтік салаға қолдау көрсету оң сипат алып келеді. Бюджет бөлінісінде де осы салаға басымдық беріліп, әлеуметтің әлеуетін жақсарту алдыңғы кезекке қойылуда.

  Қоғамда көмекке мұқтаж, мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмысты жүйелі жүргізуде әлеуметтік сала қызметкерлерінің рөлі зор. Бір қуанарлығы, олардың жалақысының да соңғы бірер жылда артып отырғандығы. Адал қызметіне орай лайықты бағаланып отырған қызылордалық әлеуметтік қызметкерлер мен олардың басым бағыттары жайлы айтып берсек.

Тамара әжейдің жасы 86-ға жақын. Кейуана жиырма жылдай уақыт жалғыздықтың зардабын тартып келеді. Алдымен 2 баласы, онан соң жолдасы о дүниелік болды. Айтуынша, кезінде тәрбиеші, бухгалтер қызметтерін атқарған. Оның бүгінде сырласы, көмекшісі, тіптен қызындай көретін  адамы бар. Ол – әлеуметтік қызметкер Гүлнар Әлхаирова.

  Гүлнардың арқасында зейнеткер өзін жалғыз сезінбейді. Оны тағатсыздана күтіп, туғанындай қуана қарсы алады.

«Мен өзімнің әлеуметтік қызметкеріме өте ризамын. Басқасын қаламаймын. Менің бар айтқанымды жасап, тіптен айтқызбай-ақ орындап кетеді. Менің ешкімім жоқ, осы Гулядан басқа, бұл жерден ешқайда кеткім келмейді. Әлеуметтік қызметкер деген аты болмаса, ол менің қызымдай болып кеткен. Дүкеннен керек-жарағымды, дәрі-дәрмегімді әкеледі, шәйімді беріп, әңгімелеседі. Коммуналдық төлемдерімді ай сайын төлеп тұрады. Мұнан басқа маған не керек?», — дейді кейуана Тамар Кошкина.

Гүлнар Әлхаированың жауапкершілігінде Тамара әжей сияқты тағдыр жазуымен жалғыз тұратын 8 қария бар. Әлеуметтік қызметкер олардың әрқайсысының тілін тауып, жақынына айналған. 17 жылдық еңбек өтілі бар маманға өз жұмысы ұнайды. Қос жыл қатарынан жалақыларының артуын әлеуметтік салаға деген қолдаудың нәтижесі деп біледі.

«Бұл кісілер бізді асыға күтіп отырады, біз де осы кісілердің көңіл күйін көтеріп, жағдайын жасағанымыз үшін өз жұмысымызға  ризалығымызды білдіреміз. Биылғы жылға әлеуметтік қызметкерлердің айлық табысын көтеріп жатыр, қуаныштымыз, осындай жұмысымызға ризамыз», — дейді Гүлнардың өзі.

Жалпы, облыс бойынша мүмкіндігі шектеулі ерекше күтімді қажет ететін жандарға мың жарымнан астам қызметкер мен маман арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді. Айта кеткен жөн, былтыр желтоқсанда сала өкілдері аттестациядан өткен болатын. Оның нәтижесімен, еліміз бойынша біздің өңірдің әлеуметтік қызметкерлері алдыңғы қатардан көрінді.

«Біздің облыстан 500-ден астам әлеуметтік қызметкер қатысып, өз біліктілік деңгейі бойынша өте жақсы көрсеткіш көрсетті. Біздің әлеуметтік қызметкерлердің жұмыстары елеусіз қалып жатқан жоқ. 2020 жылы психо-эмоционалдық жүктемелер бойынша қосымша ақы төленген болса, биыл да әлеуметтік қызметкерлер мен мамандарға тиісінше заңнамаларға сәйкес әлеуметтік бағыттар бойынша жалақыларын арттыру көзделіп отыр», — дейді облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Светлана Қожбанова.

Әлеуметтік сала қызметкерлерінің жұмысы көзге көрінбегенмен, жауапкершілігі зор. Олар стационар және жартылай  стационар жағдайында қызмет көрсетеді. 7 әлеуметтік бағыт бойынша мүмкіндігі шектеулі және жалғызбасты адамдардың жағдайын жасап, қолдау таныту – олардың негізгі мақсаты.

«Жалпы қала бойынша жалғызбасты қарттар мен мүгедектер саны 170 адам есепте тұрады. Оларға 24 әлеуметтік қызметкер үйден әлеуметтік қызмет көрсетеді. Біз 7 бағыт бойынша қызмет көрсетеміз. Әлеуметтік-психологиялық, жай-күйін анықтау, әңгімелесу, тыңдау. Екінші әлеуметтік-тұрмыстық, яғни үй-жайын жинауға көмектесу, азық-түлігін, дәрі-дәрмегін әкеп беру, үшінші медициналық әлеуметтік қызмет: бірінші медициналық қызмет көрсеті, дәрісін ішкізу, жедел-жәрдем шақыру, онан кейін әлеуметтік-мәдени қызметте әлеуметтік шаралар ұйымдастыру, туған күнімен құттықтау, белгілі шараларға ертіп апару, әкелу деген сияқты», — деді қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің бөлімше меңгерушісі Жұмакүл Жапбасбаева.

Сонымен қатар, «әлеуметтік еңбек» бағытында мамандар қолөнерге немесе басқа да жұмыстарға икемді жалғызбасты адамдарды бейімдеп, бірлесіп еңбектенеді. Ал «әлеуметтік-экономикалық» қызмет барысында сол кісілердің коммуналдық қызмет ақыларын төлеп беріп, зейнетақысын алып беруге жәрдемдеседі. Ал соңғы, 7-ші бағыт «әлеуметтік құқық» қызметінде мамандар жәрдемге мұқтаж жалғызілікті жандар құқығының қорғалуын қамтамасыз етеді.

Бағамдасақ, бұл міндеттер әлеуметтік қызметкердің жан-жақты, жауапкершілікті болуын талап етеді. Бастысы, олар мемлекет қолдауын сезіне отырып, жұмысына деген сенімін, ерік-жігерін нығайта түскен

Тегтер: әлеуметтік қызметкер әлеуметтік құқық мемлекет қолдауы

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 12:20
Бөкейде дүбірлеген той өтті
Миуа БАЙНАЗАРОВА 09:44
Сапалы білім – болашаққа құйылған инвестиция
Жарас КЕМЕЛЖАН 09:10
Сейітқазы Матаев: Төртінші билік? Биліктің көзіне шыққан сүйелміз
Еркежан АРЫН 25.10.2021, 08:48
Қазақстандағы гендерлік саясат үнемі сабақтастық пен тепе-теңдік принциптеріне негізделген
Сайт әкімшілігі 22.10.2021, 19:13
Ы.Жақаевтың 130 жылдық мерейтойына орай ауыр атлетикадан жасөспірімдер турнирі өтті
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 22.10.2021, 14:40
Тас жолдарды тоздырған жүк көліктері жүгенсіз кетті

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    11:14
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01