28.08.2021, 13:38
1034
Қазгидромет Жамбыл облысы Байзақ ауданында оқ-дәрі қоймасындағы өртке байланысты жоспардан тыс ауа сынамасын алды.
Қазгидромет хабарына қарағанда, ластаушы заттардың шоғырлануы қалқыма заттар (шаң), азот диоксиді/оксиді, күкірт диоксиді, көміртек оксиді, формальдегид және фтор сутегі секілді химиялық қосылыстар бойынша өлшенді. Өлшеу 5 нүктеде жүргізілді:
1) Тараз-Алматы трассасы, Тараз қаласынан 5 шақырым, оқ-дәрі қоймасынан 14 шақырым жерде. Радиация деңгейі — сағаты 0,12 микрозиверт.
2) Байзақ ауылынан 500 м бұрылыста. Оқ-дәрі қоймасынан 12 шақырым жерде. Радиация деңгейі — сағатына 0,17 микрозиверт.
3) Байзақ ауданы Үшбұлақ кентінің маңында. Оқ-дәрі қоймасынан 8 шақырым жерде. Радиация деңгейі — сағаты 0,15 микрозиверт.
4) Байзақ ауданы Жібек жолы кентінің маңында. Оқ-дәрі қоймасынан 3,5 шақырым жерде. Радиация деңгейі — сағатына 0,17 микрозиверт.
5) Сарыкемер ауылынан шығу жерінде. Оқ-дәрі қоймасынан 10 шақырым жерде. Радиация деңгейі — сағатына 0,15 микрозиверт.
"Өлшеу нәтижелері бойынша, ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясы мен радиация деңгейінің артуы анықталған жоқ", — деді Қазгидромет өкілдері.
Еске салайық, Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шыққан. Өрт салдарынан анықталмаған заттар жарылған.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР