Жамбылда фармацевтика саласы қарқынды дамуда

Сайт әкімшілігі

05.12.2020, 20:18

494

Нұр-Сұлтан қаласындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында  Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтіп, онда аймақ басшысы өңірдің есепті кезеңінде жеткен жетістігін сөз етті. Өз кезегінде Бердібек Машбекұлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларының орындалу барысына да тоқталды.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған тапсырмаларды тиімді іске асырудың арқасында өңірде негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің серпінді өсуі қамтамасыз етілді. Үстіміздегі жылдың 10 айының қорытындысы бойынша экономиканың өсімі 102,1 пайызды құрады. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1,6 пайызға, ауыл шаруашылығы 4,4, құрылыс 39,5, пайдалануға берілген тұрғын үй 7 және байланыс 1,6 пайызға артты. Сонымен қатар негізгі капиталға салынған инвестиция 7,8 пайызға көбейіп, 255 миллиард теңгені құрады.Инфляция деңгейі жыл басынан 105,3 пайызды құраса, бұл республикалық орта көрсеткіштен төмен деңгейді көрсетті. Жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызды межелесе, бюджеттік кіріс 324,5 миллиард теңгеге жетті. Ал жыл қорытындысымен өндіріс көлемі 508 миллиард теңгені құрайды деп күтілуде. Бұдан бөлек жыл соңына дейін инвестиция көлемін 368 миллиард теңгеге жеткізу жоспарлануда,- деді Сапарбаев.Әулиеата әкімінің айтуынша, жыл басынан бері 94 миллиард теңгеге 17 жоба қолға алынса, оның ішінде бүгінге 25,6 миллиард теңгеге 7 жоба нақты жанданып, 850-ден аса жұмыс орны құрылыпты. Оның ішінде баламалы электр қуатын өндіретін 4 жоба жүзеге асып жатқан болса, құрылыс аяқталғаннан кейін жалпы қуаттылық 403,65 МВт болады деп күтіліп отыр екен. Бұл ретте жоба толық аяқталған кезде өндірілетін баламалы электр өңірдің үштен бір бөлігіне жететіні айтылды.Ары қарай «Қарапайым заттар экономикасы» аясында 73 миллиард теңгеге 147 жоба мақұлданып, 49,1 миллиард теңгеге 136 жоба несиелендірілді, – деп сөзін жалғаған облыс әкімі бұдан кейін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылып жатқан фармацевтикалық бағыттағы жұмыстар жайында айтты.

– Президент Жолдауындағы міндеттерді іске асыру аясында фармацевтика саласы қарқынды дамуда. Ол есепті кезеңде номиналды мәнде 10 есе өсімді көрсетіп отыр.Гвардейский ауылында биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты базасында отандық иммундық препараттар шығаратын зауыттың құрылысы жүргізіліп жатыр. Құрылыс-монтаж жұмыстары биыл аяқталады. Зауыт өз жұмысын келесі жылдың бірінші тоқсанында бастап, мұнда әлемдік стандарттар бойынша иммунобиологиялық препараттар, оның ішінде коронавирустық инфекцияға, тұмауға, туберкулезге, бруцеллезге, нодулярлық дерматитке және басқа да инфекциялық ауруларға қарсы вакциналар шығарылатын болады. Жыл сайын биопрепараттардың 30-60 миллион дозасын дайындау жоспарланып отыр.Сонымен қатар институт мамандары мен зауыт қызметкерлері үшін 60 пәтерлі тұрғын үй салынуда. Тағы екі үйдің құрылысын жүргізу жоспарда бар, – деді Б.Сапарбаев.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 16:32
Алматы облысында демалыс күндері локдаун жарияланады
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 12:03
Қараусыз қалған аулалар, қоқыс басқан Қарағанды
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 08:58
Ермекбаев айтқан «диверсия» дәлелденді ме?
Заңғар КЕРІМ,арнайы «Жас Алаш» үшін Токиодан 03.08.2021, 14:32
Грек-рим шеберлері сенімді ақтамады
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 03.08.2021, 12:12
Басты мақсат – сот жүйесіне халықтың сенімін арттыру
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 13:15
Дәрігерлер тұрғындарға үндеу жасады

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58