Жамбылдықтардың 79,1 пайызы медициналық сақтандырудан өткен

Сайт әкімшілігі

15.12.2020, 19:00

938

Жамбыл облысында 1,1 миллион тұрғынның 896 998-і немесе 79,1 пайызы медициналық сақтандыру қоры арқылы сақтандырылған. Түрлі себептермен өңірдегі  239 224 адам медициналық сақтандыруға жүрдім-бардым қарап отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Мавлюда Боқаева баяндады.

Оның айтуынша, ағымдағы жылдың 1-шілдесінде Жамбыл облысында медициналық сақтандырылмағандардың саны 280 мың болса, желтоқсан айында 25 пайыздан 20 пайызға дейін қысқарған.

«Медициналық сақтандырылмағандарды құрылымына қарай бөлетін болсақ, 118 мыңнан астамы – БЖТ төлеушілер. Олар төтенше жағдай кезінде бір реттік жәрдемақы алу үшін БЖТ төлеп, кейін тоқтатып тастаған болуы мүмкін. Тағы 67 825 адамның әлеуметтік статусы белгісіз, яғни өткен 11 айда олардың атына бірде-бір рет төлем түспеген.

Медициналық сақтандырылмағандардың 43 103 – жұмыскерлер. Кейінгі айларды әртүрлі себептермен олардың атына сақтандыру төлемдерін аудару тоқтатылған. Бұл санаттың ішінде жыл соңына дейін салықтан босатылған шағын және орта бизнес нысандарының қызметкерлері де болуы мүмкін. 6072 – жеке кәсіпкер, 2 258 – азаматтық құқықтық келісім шарт арқылы жұмыс атқаратындар, 1 122 -дербес төлеуші», — деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Мавлюда Боқаева.

Аймақта кейбір кәсіпкерлік нысандары жыл соңына дейін сақтандыру төлемдерінен босатылған. Жалпы, Жамбыл облысында 5 387 астам шағын және орта бизнес нысанына жеңілдік беріліпті. Олардың 4 792-ы немесе 89 пайызы жұмысшыларын сақтандырған болса, қалған 595-тен астам кәсіпорын қызметкерлері сақтандыру жүйесінен тыс қалған. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры «сондықтан осы мәселені жұмыс берушілердің есіне тағы бір рет салғым келеді»,- деп айтып өтті.«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры биылғы жылдың 11 айында қорға еліміз бойынша 222,5 миллиард теңгеге жуық қаржы жинақталғанын, Жамбыл облысынан бұл қорға 7,4 миллиард теңгеден астам жарна аударылғанын айтты.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 15.01.2021, 10:02
Бөлекбаев қарағандылықтардың қалтырап отырғаны үшін кешірім сұрады
Миуа БАЙНАЗАРОВА 15.01.2021, 09:54
Жол сапасы неге нашар?
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 15.01.2021, 08:53
Жедел жәрдем мамандары қысым көргендерін айтып шу шығарды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 14.01.2021, 16:52
Шахтадағы апат: кеншілердің бірі қаза болды, қалғандары ауруханада ем алуда
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 14.01.2021, 13:07
Ленин шахтасында апатты жағдайдан машинист шыға алмады
Нұрболат ӘЛДИБЕК 14.01.2021, 12:19
Таразда Қонаевқа ескерткіш қойылады

Аңдатпа


  • Жұрт жадындағы Жолдасбек
    10.01.2021, 00:33
  • «Жас Алашым» – жастық шағым
    15.01.2021, 10:07
  • Қуат Хамитов: Қазағы көп жерге кетіп барамын
    14.01.2021, 13:01
  • «Әр таңымызды үреймен қарсы аламыз» (видео)
    14.01.2021, 11:41
  • "Жас Алаш" жазды, Егіндібұлақ елінің еңсесі көтерілді
    13.01.2021, 07:11