Жаңақалада бос тұрған орынға жас жігітті алмай отыр

Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ

16.02.2021, 13:31

14573

БҚО-ның Жаңақала ауданындағы жастар ресурстық орталығында екі маманның орны бос тұр. Басшы да тұрақтамай жиі ауысады. Жұмыссыздық өршіп тұр. Сөйте тұра, «жұмыс істеймін» деп құлшынып тұрған жастарды қызметке алмай, құрғақ уәдемен әрлі-берлі жүргізіп қою әдетке айналған. Мұны осы ауданның Көпжасар ауылындағы спорт әдіскері Жалғас Нығметов мәселе етіп көтерді. 

«Менің осы жұмысқа кіруімнің өзі үлкен еңбек болды. Қаншама конкурсқа түстім. Таныспен өтіп кете берді. Содан жазбаша өтініштерімді алып барлық басшыларға кірдім, қолдарын қойдырып, өтінішіме дәлел ретінде аудан әкіміне 5 рет кірдім. Зорға дегенде Қызылобадан жұмыс шығып, сол ауылға кеттім. Сол жерде үлкен нәтиже көрсетіп, Көпжасар ауылына жастармен жұмыс жөніндегі кеңесші маман, спорт әдіскері қызметіне бардым.  Аудан орталығына қызметке ауысу үшін біраз конкурсқа түсіп көргем, өте алмадым, тамыр-таныстық күшті болды. Аудандық жастар ресурстық орталығына басшы тұрақтамай, жұмысы бәсеңдеді. Оған да конкурсқа қатыстым, өткізбеді», — дейді Ж.Нығметов.

Ресурстық орталыққа Қобыланды Сапиуллин басшылыққа тағайындалғасын да Жалғас оның алдына бірнеше мәрте жұмыс сұрап барған. «Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ақан Қапанов екеуі «жақында алынасың» деп үміттендірді. Қайта-қайта бара беруге өзім де ұялдым. Сөйтіп жүргенде шақыртып алып «Жалғас, ренжіме, сені ала алмаймыз» дегені адамды мазақ ету емес пе?! Өтірік уәделерден кейін амал жоқ әр ісімді дыбыс, бейне таспааға жазып отыруға тура келді. Осындай таныс, туыстық байланыстардан қашан арыламыз?! Қабілеті, іскерлігі, жұмысына қарамай ма басшылар?! Әділдік керек!» — дейді ашынған жігіт.

 Шынында да, өзі 4-5 маманы бар орталықта біраздан бері екі орын бос тұрса, оған құлшынып тұрған адамды қызметке алмаса ол орталықтан қарқынды жұмыс, қызу әрекет күту ақымақтық. Бұған әуелі жаңақалалық атқамінерлер, содан соң осы мемлекеттік органдардағы былық-шылықтарды тексеретін құзырлы органдар не айтар екен?

Тегтер: әлеумет жұмыспен қамту жұмыссыздық мәселе

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 04.08.2022, 13:22
Ақтауда полицейді пышақтап кеткен күдікті ұсталды
Сайт әкімшілігі 03.08.2022, 19:42
Әлемде маймыл шешегі өршіп барады
Сайт әкімшілігі 03.08.2022, 11:45
СҚО-да азық-түліктің қымбаттауына байланысты балабақшаларда балаларды тамақтандырмайды
Сайт әкімшілігі 02.08.2022, 20:21
Қонаев қаласында Алматы облысы активінің отырысы өтті
Сайт әкімшілігі 02.08.2022, 09:29
Қазақстанда бір тәулікте екі мыңнан аса COVID-19 жұқтыру дерегі тіркелді
Нұрболат ӘЛДИБЕК 02.08.2022, 09:03
Жастар әкіммен жүздесті

Аңдатпа


  • Баспана аспандады, азық-түлік шарықтады, үкімет өз жөнімен қалықтап жүр...
    05.08.2022, 09:17
  • АЭС-тің арты жақсы бола ма?!
    04.08.2022, 08:55
  • «Қазақстан халқына» қорынан халыққа пайда бар ма?!
    03.08.2022, 08:59
  • «Аллаһу акбар деп айқайлаған»: Жамбыл облысында сотталушы түрменің үш қызметкерін жаралады
    02.08.2022, 08:47
  • Халықты жоқшылық қысып барады...
    01.08.2022, 13:40