Жаңақорғанда жүгері сусыны шығады

Нұр-Қасым ЖОМАРТ

27.10.2020, 04:25

1263

Құны түспейтін бір өнім болса – ол жүгері. Оның шаш-етек келтіретін пайдасын айтпай-ақ, соңғы жаңалығына көз салайық.

Қызылорда облысының шаруашылықтары күрішпен қатар жүгері жинау науқанын да аяқтап қалды. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметі бойынша, өңірде жүгері егістігі 1,5 мың гектардан астам жерді алып жатыр. Бұл дақыл мал шаруашылығы азық-түлік базасының негізгі түрлерінің бірі болғандықтан, фермерлер сүт өндірісін молайту мақсатында жүгері өсіреді. Солардың бірі – асылтұқымды мал шаруашылығымен айналысатын «РЗА-Агро» ЖШС 800 гектар жерге дән сепкен. Олар негізінен, жүгеріден сүрлем дайындайды, өйткені шаруашылықта ірі сүт-тауар кешені бар. Өкінішке орай, биыл олар ортадан төмен өнім жинады. Мәселе суармалы судың жетіспеушілігінен туындап отыр. Енді серіктестік сүт өнімінің көлемін кемітпеу мақсатында сырттан жүгері сатып алуға мәжбүр.

Ал Қызылордаға жақын «Ақ-барыс» шаруашылығы тек мал бордақылап, етін қала тұрғындарына саудалаумен айналысады. Өзінің егіндік алқабы жоқ болғандықтан, жем-шөпті сатып алады. Биыл облыста жүгері жағдайының мәз еместігін білген серіктестік директоры келер жылы өзіміз өсіруді қолға алмақшымыз дейді.

— Жүгері сүрлемі малды тез оңалтады. Биыл жүгері, шамамен 40% қымбаттады. Амалсыздан ет бағасын көтеруге мәжбүрміз, – деді «Ақ-барыс» ЖШС директоры Ерсұлтан Рсалин.

Бұдан бұрын аймақ кәсіпкерлері жүгеріден тек мал азығын дайындап келсе, жуырда жаңақорғандық кәсіпкер енді одан ағзаға аса пайдалы сусын әзірлеуді қолға алды. «Аса пайдалы дейтініміз, сусында ақуыз, көмірсу мен түрлі витаминдер мол» дейді өндіруші.

— Бүйрек, бауыр, өт жолдарын және ас қорыту жүйесін тазалайтын қасиеттері бар. Салмақ тастауға, жүйке жүйесіне де әсері мол, – дейді Кейден ауылының кәсіпкері Қасым Әбжаппаров.

Бұл бастама біраз зерттелді. Оның құрамын тексерген Т.Шарманов басқаратын Тағамтану академиясы оң бағасын берді. Тың бастамасы қолдау тапқан кәсіпкер «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасымен гранттық жоба жеңіп алды. Қайтарымсыз қаражатқа екі қазан мен сусынның қорабын дайындайтын құрылғы сатып алады.

— Бұған дейін сусынды 1 литрлік қораппен шығарған едік. Бірақ ол тиімсіз болып отыр. Себебі, сыртқы қорабы қымбатқа түседі екен. Сондықтан жарты литр мөлшерде дайындауды қолға алдық. Бір жағынан, ұстап жүруге ыңғайлы. «Кәусар» деген жазуы бар қаптамасын Алматы қаласында жасатамыз. Онда сапалы дайындайды, – дейді кәсіпкер.

Кезінде мал бордақылаумен айналысқан ауыл егіннен тек жүгері ғана еккен екен. Өйткені жүгері сиыр малын семіртіп қана қоймай, сүтті де майлы етеді. Жүздеген гектар жүгері егу үрдісі бертінге дейін сақталды. Өйткені ауылдағы егістік жерлердің инженерлік жүйесі тек жүгері егуге арналған.

— Үш ай жаз тірлігіміз – жүгері егу. Қолмен жинап өткіземіз. Бұдан бөлек, басқа кәсіп жоқ. Айлық-шайлығымыз уақытылы», – дейді жүгерші Тәжіддин Әбиев.

Өндірістік цех  жергілікті 10 тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтыған. Әрқайсының өз міндеті бар. Осы уақытқа дейін 15 гектар жерге жүгері еккен кәсіпкер келер жылдан бастап, жергілікті биліктің арқасында 100 гектар жерге өнім себуді жоспарлап отыр.

— Ауыл халқы түгелімен жүгері еккеннен кейін, өнімін осы цехқа өткізеді. Бір жағы малға жем, әрі сусын да шығарып жатыр. Пайданы барлығы бірдей көріп отыр, ешқандай шығын жоқ. Осы мақсатқа арнайы жер бөліп отырмыз. Енді жұмыссыз жүргендерге дейін жүгері егіп, өнімін өндіріс орнына өткізе алады, – деді Кейден ауылдық округінің әкімі Бақтияр Тоқтыбаев.

Кәсіпкер сусыннан бөлек, жүгері ұны мен поп-корн да  шығарады.

     

Тегтер: жүгері серіктестік бизнес кәсіп нәсіп егістік алқап нарық халық мал азығы

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұр-Қасым ЖОМАРТ 27.11.2020, 14:48
Прокурор экс-әкімге 8 жыл сұрады
Айшуақ АРАЙ 27.11.2020, 13:20
Сотталушылар наразылық көрсетіп Жезқазған түрмесіне тергеу тобы барды (видео)
Сайт әкімшілігі 27.11.2020, 10:49
Пневмониядан 5 адам көз жұмды
Сайт әкімшілігі 26.11.2020, 17:56
Оңалту орталығына жасалған сый
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 26.11.2020, 10:18
Өндірісті өлке өміршеңдігін танытты
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ 26.11.2020, 09:20
Бір Өскеменге екі Пушкин әділет пе?

Аңдатпа


  • Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
    28.11.2020, 11:09
  • Қазақстанда қылмыстың 12%-ын әйелдер жасайды
    28.11.2020, 16:52
  • 30 пайыз: «Шымбұлақ» жаңа маусымды карантиндік шектеулермен бастады
    28.11.2020, 13:30
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    27.11.2020, 09:16
  • Автовокзалға баласын тастап кеткен әйелдің кім екені анықталды (видео)
    27.11.2020, 11:36