Жаңатаста 180 пәтерлі екі тұрғын үй пайдалануға берілді

Сайт әкімшілігі

25.12.2020, 09:18

804

«Үйі жоқтың күйі жоқ». Мұқтаж жандарды баспанамен қамту сайып келгенде  олардың тұрмысын түзету, әлеуметтің әлеуетін арттыруға мұрындық болу. Бұл ретте Жамбыл облысы Жаңатас қаласында көптен бері жарамсыз, бос-қаңырап тұрған 180 пәтерлі көпқабатты екі үй қайта жаңғыртудан өтіп, Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында пайдалануға берілді.

Пәтер кілттеріне ие болғандардың басым бөлігі – әлеуметтік жағынан аз қамтылған және жылдар бойы пәтер кезегінде тұрған отбасылар. Жыл санап дамып келе жатқан Жаңатас қаласындағы тұрғын үй мәселесі оң тұрғыда шешіліп келеді. Бұл туралы қоныс тойдың салтанатты жиынында құттықтау сөз алған Сарысу ауданының әкімі Бақытжан Жақсылықов айтты.

«Бүгінге дейін Жаңатас қаласында тұрғын үй кезегінде — 1789 азамат тізімде тұрған еді десек, бұл тізім Тәуелсіздік күні қарсаңында қысқара түсті. Өйткені бүгін Жаңатас қаласында көпқабатты екі үй қайта жөндеуден өтіп, қолданысқа берілді. Десек те, жылдан-жылға қала тұрғындарының саны көбейіп келеді. Тиісінше, тұрғын үй кезегіндегілер саны да арта түсуде. Осы мәселені шешу, тұрғындарды, әсіресе жағдайы төмен отбасылары мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарды тұрғын үймен қамту үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылуда», деді аудан әкімі.

Айта кетейік, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында қаланың екінші шағын ауданындағы №24, №26 үйлер қайта жаңғыртылып, пайдалануға беріліп отыр. Соның нәтижесінде ұзақ жылдар бойы кезекте тұрған азаматтар бүгін жаңа пәтерге ие болды. Пәтер кілттерін табыстау салтанаты барлық санитарлық сақтық шараларын ұстана отырып өтті. Үйлі болғандардың қуанышында шек жоқ. Солардың бірі – төрт бөлмелі пәтерге ие болған көпбалалы ана Айда Ақылбекова. Ол бірнеше жылдан бері сегіз ұл-қызымен пәтер жалдап тұрып келген.

«Міне, көптен бергі арманымыз бүгін орындалып отыр. Мерекеге орай бұл тамаша тарту болды», дейді  қуанышы қойнына симай, жүзі бал-бұл жанған жаңатастық көпбалалы ана.

Жалпы, биыл Жамбыл облысында тұрғын үй құрылысы жоғары қарқынмен жүріп жатқанын аңғару қиын емес. Бұл ретте мемлекеттік бағдарламалардан бөлек, Сапарбаевтың бастамасымен асарлатып салынып жатқан үйлерді қосыңыз. Карантинге қарамай тыраштанып там салып жатқан жамбылдықтардың да қарасы көбейгенін байқауға болады.   

Бұл ретте биыл 460,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, өсім 7 пайызды құраған. Жыл соңына дейін тағы да 615 мың шаршы метр тұрғын үйдің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр екен. «Нұрлы жер» және жұмыспен қамтудың жол картасы аясында тұрғын үйлер мен инженерлік желілердің құрылысына 33,2 миллиард теңге бөлініпті.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Гүлжан СЕРІКҚЫЗЫ 30.07.2021, 17:53
Ішкі туризмнің халі қалай?
Сайт әкімшілігі 30.07.2021, 17:51
Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі: мемлекетке сену құқығы
Сайт әкімшілігі 30.07.2021, 17:49
Жаңа кодекс қазақстандықтарды қалай қорғайды?
Нұр САЙЛАУОВА 30.07.2021, 17:42
Қазақстанның жаһандық бастамаларына оң баға берілуде
Б.СӘРСЕНБИ 30.07.2021, 17:38
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл»
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 30.07.2021, 15:21
«Жусан» операциясы: тағдыр тәлкегінен құтқарғандар

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15