Жастардың жұмыс жағдайы қалай ?

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

26.10.2021, 15:55

516

Бүгінгі нарық қысқан ағымы қатты заманда екі қолға бір күрек болатын қолайлы жұмыс табылып жатса, бұлда бір есебіңнің түгел болғаны. Әсіресе жастардың алдынан жұмыссыздық шықса, белгілі бір салада тәжірбие жинап бейімделмеген жанға бұл мәселемен күресудің оңай болмасы анық. Қарағанды облысында әсіресе жастар арасында жұмыссыздықты жою үшін  ілкімді жобалар қолға алынуда. Осы жыл басталғалы 11 мыңнан астам қарағандылық жастар жұмыспен қамту орталықтарына жүгініп, көмек алыпты. Облыс әкімі Жеңіс Қасымбектің төрағалығымен өткен  Жастар ісі жөніндегі кеңестің онлайн отырысында NEET — жастарды жұмысқа орналастыру, мемлекеттік гранттар беру және оларды әлеуметтендіру мәселесі көтерілген болатын.Жұмыссыздықты жойып, барынша жастарды жұмыспен қамтамасыз ету жайын қарастыру үшін әрі жұмыс табудағы келеңсіздіктерді шешу үшін облыс аумағында «Еңбек » және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламалары қолданылуда. Жұмысшы мамандықтары бойынша қысқа мерзімді курстардан 335 адам өтіп, сол салаға қатысты бағыт бағдар алған. Сонымен қатар, техникалық және кәсіптік оқуға 700 адам жіберілген. " Бастау Бизнес " бағдарламасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін 555 қарағандылық оқыған және тағы 154 адамға шағын несие берілген." Жастар тәжірибесіне 959 адам жіберілді. 194 адам субсидияланған жұмыс орындарына жіберіліп жұмыспен қамтамасыз етілді. 3 мыңға жуық адам қоғамдық жұмыстарға жіберілді. Алғашқы жұмыс орнымен 124 жас қамтамасыз етілді ",- деп мәлімдеді Жұмыспен қамтуды үйлестіру  және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсем Жүніспекова.Қазіргі уақытта өз кәсібін ашып, мақсатты тірлікпен тырбанып жүрген жастар да баршылық. Көп жағдайда өз ісін ашқысы келген жандар қаржылық қиындыққа тап болып жатады. Билік тарапынан өз кәсібін ашқысы келген жастарға мемлекеттік бағдарлама аясында қолдауда жасалады. Бұл кәсібін дөңгелеткісі келгендер үшін серпіліс болады. Жыл сайын осы мақсат үшін гранттар бөлінеді. Биыл грантты 343 адам алған екен. Сонымен қатар өңірдің 301 тұрғыны Қарағанды облысы әкімінің грантын тағайындау конкурсына өз өтінімдерін жіберді. Мамандардың айтуынша, мұның ішінен 100 өтінім іріктеп алынып, жеңімпаздарға миллион теңгеден  бұйырады. Жиынға қатысушылар қаражаттың мақсатты түрде жұмсалуына бақылауды күшейту қажеттігін және қазіргі уақытта қоғамға қажетті ,өзекті деген бизнес идеяларды іріктеуді сұрады. Облыс әкімі аталмыш ұсынысты қолдап грант түрінде бөлінген қаражаттың мақсатты түрде жұмсалуын қадағалайтын мониторингті күшейтуді, грант алушылар мен қоғамдық пікір көшбасшылары комиссиясының қызметіне мониторинг жүргізуге жұртшылықты барынша тартуға тапсырма берді." Қала мен аудан әкімдеріне жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен бірлесіп, жастарды жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға тартуды жандандыруды тапсырамын ",- деді облыс әкімі Жеңіс Қасымбек. Жастар саясаты басқармасының басшысы Біржан Әлімжанов жастарды жұмыспен қамту проблемасын шешіп қана қоймай, оларды әлеуметтендіруге және кез келген жастың тұлға болып қалыптасуына көмек көрсетілу керек деген ойын ортаға салды. Сондай — ақ мамандар өмірдің сан алуан қырында қиындыққа тап болып қалған жандар үшін психологтар тарапынан кеңес беріп қол ұшын созу жайы да қарастырылуы керек деген мәселе қозғалды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 17:45
Шиелі ауданында 3297 жаңа жұмыс орны ашылды
Сайт әкімшілігі 16:19
Шиелі ауданында 3297 жаңа жұмыс орны ашылды
Бифат ЕЛТАЕВА 12:21
Ғибраты мол байқау
Сайт әкімшілігі 08:37
Павлодарда лак-бояу өнімдері қоймасында алапат өрт болды
Сайт әкімшілігі 26.11.2021, 13:30
Қарағандыда тағы бір ферроқорытпа зауыты ашылды
Сайт әкімшілігі 26.11.2021, 12:16
Жезқазған ақыны Қарағандыда өткен республикалық айтыста Бас жүлде иегері атанды

Аңдатпа


  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    26.10.2021, 11:14
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30